Азаматтардың  мазасын  алған

Азаматша А.С 16.01.2024 жылы, жергілікті уақыт сағат 4:00 минут шамасында Қызылорда қаласы, Есенов көшесінің бойында орналасқан үйлердің ауласында сексуалдық сипатта қызмет көрсету жөнінде азаматтардың мазасын алып тиісіп жүрген. Сот отырысында А.С өзінің әрекетін мойындап, әкімшілік хаттамамен келісетінін көрсетті. Сот, азаматша А.С-ға әкімшілік жаза қолдануда, оның жасаған құқық бұзушылығына өкінуін жауаптылығын жеңілдететін мән-жай деп, ал оның жауаптылығын ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ деп, оның жеке басын, отбасының жағдайын, жасап отырған құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескеріп, оған әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазасын тағайындау дұрыс деп тапты. Азаматша А.С ӘҚБтК-нің 449-бабының…

Read More

Қызын балағаттап, әкімшілік қамаққа  алынды

Азамат К.Ж 2024 жылғы 14 қаңтарда сағат 01.30 шамасында алкогольдік масаң күйде үйіне келіп  қызы А.К-ға былапыт сөйлеп, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерiнсіз отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамға сыйламаушылық көрсеткен. Сот отырысында азамат К.Ж.  кінәсін толық мойындап көрсетті. К.Ж-ның әкімшілік құқық бұзушылық әрекеті кінәсін мойындау түсініктемесімен, жәбірленуші қызы А.К. арызы мен көрсетуімен, полиция қызметкерінің баянатымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен бекітілген. Азамат К.Ж. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 тәулік әкімшілік қамаққа алынды.   Сонымен қатар, құқық  бұзушы К.Ж-ның мінез-құлқына 3  ай мерзімге ерекше талап белгіленді.  …

Read More

Масаң күйде автокөлік басқарып, жол көлік оқиғасын жасаған

Азамат М.Т.  2024 жылғы 14 қаңтарда алкогольдік масаң күйде бола тұра, «Mazda 626» маркалы автокөлігін басқарып, Қызылорда қаласы, М.Шоқай көшесінің бойынша  С.А.  басқаруындағы «Opel Vectra» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Азамат М.Т. 2024 жылғы 14 қаңтардағы жүргізілген медициналық тексеру қорытындысы бойынша оның жол-көлік оқиғасын жасаған кезінде «орта» дәрежелі алкогольдік масаң күйде болғаны  анықталған. Құқық  бұзушы М.Т Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20  тәулік әкімшілік қамаққа алынды  және  7  жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Кайнар: Қызылорда қаласыныңәкімшілік құқық бұзушылықтаржөніндегі  сотының  баспасөз  қызметі

Read More