Масаң күйде автокөлік басқарып, жол көлік оқиғасын жасаған

Азамат М.Т.  2024 жылғы 14 қаңтарда алкогольдік масаң күйде бола тұра, «Mazda 626» маркалы автокөлігін басқарып, Қызылорда қаласы, М.Шоқай көшесінің бойынша  С.А.  басқаруындағы «Opel Vectra» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Азамат М.Т. 2024 жылғы 14 қаңтардағы жүргізілген медициналық тексеру қорытындысы бойынша оның жол-көлік оқиғасын жасаған кезінде «орта» дәрежелі алкогольдік масаң күйде болғаны  анықталған.

Құқық  бұзушы М.Т Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20  тәулік әкімшілік қамаққа алынды  және  7  жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Кайнар: Қызылорда қаласының
әкімшілік құқық бұзушылықтар
жөніндегі  сотының  баспасөз  қызметі

Related posts