Азаматтардың  мазасын  алған

Азаматша А.С 16.01.2024 жылы, жергілікті уақыт сағат 4:00 минут шамасында Қызылорда қаласы, Есенов көшесінің бойында орналасқан үйлердің ауласында сексуалдық сипатта қызмет көрсету жөнінде азаматтардың мазасын алып тиісіп жүрген.

Сот отырысында А.С өзінің әрекетін мойындап, әкімшілік хаттамамен келісетінін көрсетті.

Сот, азаматша А.С-ға әкімшілік жаза қолдануда, оның жасаған құқық бұзушылығына өкінуін жауаптылығын жеңілдететін мән-жай деп, ал оның жауаптылығын ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ деп, оның жеке басын, отбасының жағдайын, жасап отырған құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескеріп, оған әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазасын тағайындау дұрыс деп тапты.

Азаматша А.С ӘҚБтК-нің 449-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 25 844 теңге айыппұл салынды.

Кайнар: Қызылорда қаласының
әкімшілік құқық бұзушылықтар
жөніндегі  сотының  баспасөз  қызметі

Related posts