Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында бүгін сағат 11.00-де «Достық үйі» ғимаратының мәжіліс залында үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Гранттар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа құжаттар дайындау» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының эксперті, “Ақтөбе облысының азаматтық орталығы” заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық кеңес мүшесі — Мажит Әлішер Мажитұлы жүргізді. Әлішер Мажитұлы Үкіметтік емес ұйымдарды құрудың жолдары, мақсаттарына қол жеткізу, мемлекеттік әлеуметтік жобалардың бағыттары, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудағы қағидалары мен заңдылықтарын, құжаттар дайындау ережелері және балдық…
Read MoreМесяц: Май 2024
Дөңгелек үстел өтті
Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 15 мамыр күні сағат 15.00-де «Анаға тағзым» орталығының 3 қабаты мәжіліс залында «Сыр Аналары» қоғамдық қорының төрайымы Мұсаева Нұрсәуле Дүйсенбайқызының қатысуымен «Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие» тақырыбында әйелдердің қоғамдағы орнын жақсартуға, отбасылық демографиялық саясатты дамытуға және қоғамдық-саяси өмірдегі әйелдердің белсенді араласуын арттыру бағытында дөңгелек үстел өткізілді. 15 мамыр — Халықаралық отбасы күні. Бұл күн отбасы құндылықтарын ілгерілетуге және мерейлі отбасылардың қоғамда оң имиджін қалыптастыруға, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін жоғарылатуға ықпал ететін ерекше мереке. Шара барысында Нұрсәуле Дүйсенбайқызы тақырыпқа…
Read MoreСыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Шакизадаев Елнұр ҒабитұлыҚызылорда қалалық сотының сот приставы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық әлі де біздің қоғамның ауыр дерті болып отыр. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттердің көпшілігінде бар. Қазақстан да одан сырт қалған жоқ. Онымен қалай күресіп жатыр немесе қалай әшкерелеп отыр – ол басқа мәселе», деп атап өтті. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық ауқымдылығына ғана байланысты ерекшеленеді. Елдің дамуы мен әлеуметтік-экономикалық ілгерілеу жолындағы маңызды қадамдардың бірі – сыбайлас жемқорлықты жеңу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі, оның ішінде келесі міндеттерді шешуге бағытталған шараларды қамтиды:…
Read MoreӨрт шықты
2024 жылғы 13 мамырда сағат 19 сағат 58 минут өткенде Қызылорда қаласы Қазантаев көшесі 27 мекенжайда орналасқан «Темірхан» ЖШС «Жайна» өндірістік сауда орталығына қарасты Қонаев көшесі бойында орналасқан жалпы ауданы 280 шаршы метр ангардың ішінде ауданы 12 шаршы метр бутиктың 1×2 метр қабырғасы мен 1500 түп өсімдік көшеті жанды. Өрт 20 сағат 20 сағат 10 минут өткендн толық жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 7 Өрт сөндіру бөлімінен 2 техника және 8 қызметкер жұмыс жасады. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеті нәтижесінде өрт тез арада жойылып, өрттің таралуына жол…
Read MoreӨрт сөндірушілер өртте 14 адамды эвакуациялады
Қызылорда қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің 1 қабатында орналасқан кафеде 20 ш. м. алаңда өрт шықты. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар баспалдақ арқылы 14 тұрғынды эвакуациялады.Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт сәтті жойылды.Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.
Read MoreАвтокөлік өртеніп кетті
2024 жылдың 8 мамыр күні 12 сағат 43 минут өткенде Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығынан Астана 2 мөлтек ауданы А. Шаменов №9 бес қабатты тұрғын үйдің автокөлік тұрағында 1992 жылы зауыттан шыққан «Volkswagen Passat» жеңіл автокөлігі (автокөліктің тіркеу құжаты) толығымен жанды. Өрт 12 сағат 55 минут өткенде толық сөндірілді. Өртті жоюға №4 өрт сөндіру бөлімінен 1 техника, 6 қызметкер жұмылдырылды. Қызылорда облысының ТЖД “ Өрт сөндіру және авариялық — құтқару жұмыстары қызметі” РММ
Read MoreСыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Б.Меңліхожаев,Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Аға сот приставы Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр.Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысынан да қатты алаңдатыны анық. Сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді. Осы аталған салада Заңның мақсаты — азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлықтардан туындайтын қауіп қатерден республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Жемқорлық — мемлекеттің,…
Read MoreБіз «Таза Қазақстан» үшін!
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Дәл осы акция аясында Қызылорда облысының 16 Өрт сөндіру бөлімдері мен бекеттері дәл бүгін осы акцияны қолдап, көшет отырғызуда. Ағаш егу — игілікті іс. Бұл табиғат — анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласты оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындырады. Көгалдандыру адамзаттың денсаулығы мен жан-жақты эстетикалық, мәдени және экологиялық дамуы үшін қолайлы орта құрудың маңызды және таптырмас бөлігі болып табылады. Осы аптаға дейін апта сайын өтіп жатқан іс-шара аты айтып тұрғандай туған жерімізді таза ұстау мақсатындағы бастама.
Read MoreМалқорада өрт шықты
2024 жылдың 4 мамыр күні 15 сағат 5 минут өткенде Қармақшы ауданы Иіркөл ауылы Жаңатұрмыс көшесі №24 мекенжайдың ауласында орналасқан 1600 шаршы метр, 40х40 метр мал қора және 2 бас бұзау толығымен жанды. Өрт 16 сағат 36 минутта толық сөндірілдіч Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына 1 автокөлік және 5 қызметкер жұмылдырылды. Қызылорда облысының ТЖД “ Өрт сөндіру және авариялық — құтқару жұмыстары қызметі” РММ
Read MoreТереңөзекте мал қора өртенді
2024 жылдың 2 мамыр күні 12 сағат 33 минут өткенде Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Б. Өтепов көшесі №9 үйдің ауласында ауданы 10х15 шаршы метр болатын жергілікті материалдардан салынған мал қора өртенгені анықталды. Өрт оқиғасының шығу себебі анықталуда. Өрт оқиғасынан 2 бас ірі қара мал, 11 бас уақ мал өртеніп кетті. Өртті сөндіруге Сырдария ауданы №12 Өрт сөндіру бөлімінен 1 автокөлік пен 5 қызметкер жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің әрекеті нәтижесінде адам шығыны болған жоқ және жақын орналасқан ғимараттар мен құрылыстарға зиян келген жоқ. Оспан Сарсенбайұлы Айдос.Қызылорда облысының ТЖД “ Өрт сөндіру және…
Read More