Б.Меңліхожаев,
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Аға сот приставы
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр.Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысынан да қатты алаңдатыны анық.
Сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді. Осы аталған салада Заңның мақсаты — азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлықтардан туындайтын қауіп қатерден республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.
Жемқорлық — мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықтың ерекше белгісі — ол қылмыс субъектілерінің өз қызмет бабын, құқықтық мәртебесін және қызмет мүддесіне қайшы әрі құқық пен ар-ожданның қалыптасқан нормаларына қайшы орналасқан лауазымның беделін пайдалану жолымен істелінеді.Онымен күрес әрбір азамат үшін ортақ парыз. Аталмыш заңсыздықпен күресу әрбір мемлекеттік орган басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілген.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұсқан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конститутциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Сол үшін «Әділдік жоқ жерде пара белең алады», деген нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады.Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану, билікті не өкілетті қызметтікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру , сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтартуға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстырды пайдалану арқылы жасалады.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісін қайта қалпына келтіру қажет. Бұған сарапшылар мен қоғам өкілдері де атсалысуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу керек, сондай-ақ, заңсыз және арандатушылық әрекеттерге барғаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлерін қатаң жазалау керек», – деді.
Жазушы Шәкәрім Құдайбердіұлы «Үш анық» кітабында, «адамның жанының екі дүниеде де, азығы бар екені анық дейді. Ол ұждан. Ұждан үш нәрседен тұрады: ол-әділет, ынсап, мейірім. Сондықтан, егер адам азығын алып өмір сүрсе, яғни ұжданмен өмір сүрсе оны мәңгілік рахат күтіп тұр. Ал егер ынсап, мейірім, әділетсіз өмір сүрсе оны мәңгілік азап күтіп тұр»,- дейді. Әділетсіздікпен өмір сүрсең, парақорлықпен қызмет атқарсаң ол үшін екі өмірде де қатаң жауаптылық күтіп тұрғаны анық.
Құлқынның қамын ойлағандардың теріс әрекеті кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе, ымырасыз күрескеніміз дұрыс.