Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – уақыт талабы

Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 20 мамыр күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – уақыт талабы» тақырыбында Шиелі ауданына қарасты Жаңатұрмыс және Бәйтерек ауылдық округтерінің тұрғындарымен, жастарымен кездесу өткізілді. Кездесуге заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Қаржаубаева Ләззат Майлыбайқызы арнайы келіп, тұрғындарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заң талаптары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Read More

Құттықтаймыз

Әр адамның өзіне ғана тиесілі жеке мерекесі болады. Ол, мына жарық дүние есігін ашқан туған күні. Міне, сондай туған күнің бүгінгі иесі, әріптесіміз, Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің басшысы Күншығарова Алмакүл Жалғасқызы. Осы мәртебелі мерекесін пайдалана отырып Алмакүл Жалғасқызына зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас қанат тілейміз. Тәңір сізді ақ жүзді абройлы, биік беделді етіп, шаттыққа шалқытып, бақытқа балқытып ұзақ жасатсын демекпіз. Ортаңызда абройлы, қызметті беделді болып, аңсаған арманға, көздеген мақсатқа жетіңіз. Деніңіз сау болып, ұзақ жасаңыз. Жанұяның шаттығын, бақ құтын беріп, жүзіңізден күлкі айырмасын деп тілейміз. Әлемдегі барлық жақсылықты…

Read More