Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – уақыт талабы

Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 20 мамыр күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – уақыт талабы» тақырыбында Шиелі ауданына қарасты Жаңатұрмыс және Бәйтерек ауылдық округтерінің тұрғындарымен, жастарымен кездесу өткізілді.

Кездесуге заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Қаржаубаева Ләззат Майлыбайқызы арнайы келіп, тұрғындарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заң талаптары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Related posts