Облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысына сәйкес, «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту” әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра — Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 06 қыркүйек күні Отбасы орталығында «Отбасы — бақыт мекені» атты шеберлік сағаты өткізілді.Шеберлік сағат барысында қала және аудандардан келген Алтын той иелері жастарға сан-салалы қызметте еңбек етіп, отбасының ынтымағы мен тыныштығын сақтау, қызмет пен ұрпақ тәрбиесін қатар алып жүрудің қыр-сырын айтып, отбасының қызықты оқиғаларымен бөлісті.Отбасы құндылықтарын қадірлеп, жарты ғасырын бірге өткізген, бір-біріне демеу болып, өмірге әкелген перзенттеріне тәлімді тәрбие бере білген көп балалы, өнегелі отбасыларды салтанатты марапаттау шарасында…
Read MoreМесяц: Сентябрь 2024
АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ: ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» әлеуметтік жобасы аясында, «АЭС құрылысы: дамыған елдердің тәжірибесі мен Қазақстан үшін даму мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстелде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ректорының қоғамдық жұмыстар жөніндегі кеңесшісі, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің директоры Әбдікәрімов Бақытхан Жүнайдұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Инжинирингтік технологиялар білім беру бағдарламасының зерттеуші-профессоры Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы және Тарих ғылымдарының докторы Тастанбек Сәтбай Яхияұлы спикер ретінде қатысып, ғылыми…
Read MoreҚылмыстық процесті цифрландыру
С.ТельмухаметҚызылорда гарнизоны әскерипрокуратурасының прокурорыәділет лейтенанты Мемлекет басшысы 2025 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспары барысында «Кейбір заңнамалық актілерге құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл заң қылмыстық процесті қағаз форматынан бөлек электронды түрде жүргізіп қылмыстық істі цифрландыруға мүмкіндік берді. Аталған талаптарға сәйкес 2024 жылдың өткен кезеңіңде Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасының қадағалау аумағындағы әскери қылмыстық қудалау органдары стратегиялық даму жоспарын орындау барысында электронды форматта қылмыстық істер бойынша тергеп-тексеру жүзеге асырылды. Тергеп тексеру барысында цифрландыру іс жүргізу шаблондарын электрондық форматта…
Read More«АРДАҚТЫ АРДАГЕР — ҚҰРМЕТТІ МАЙДАНГЕР!»
«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру мақсатында, 2024 жылы 29 тамыз күні «Өнер орталығы» залында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев салтанатты жиынға қатысып, мерекемен құттықтады. Сыр өңірі жұртшылығы тәуелсіздік пен тұтастықтың кепілі ретінде ел бірлігін бекемдеген, тұрақтылық пен татулықтың тұтқасы болған Ата Заң қабылданған күнді айрықша атап өтті. Мерекелік шарада Өнер орталығына жиналған қауым Мемлекеттік Әнұранды орындады. Қасиетті Отанымыздың, туған жеріміздің, еңбекпен есейген ерлердің даңқын асқақтатқан Әнұранымыз көкке қалықтады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды…
Read MoreПрезидент жолдауына пікір
5547 әскери бөлімінің командирі,подполковник Е.Е.Бастамиев Қазақстан халқының жарқын болашағына бағыт-бағдар беретін Президентіміздің осы жылғы жолдауы халқымыздың ынтымағын нығайтып, олардың мұң-мұқтаждығын тыңдап қана қоймай, сол қажеттіліктерді шешуге айқын іс-әрекеттер көрсетілген жолдау деп айтуға болады. Қазақстан азаматтарының тұрмыстық ахуалын арттыруды көздеген әлеуметтік шаралар жасау тұрғысындағы мақсаттар белгіленіп, басты назарды азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігі екені нақты айтылды. Осының өзімен Қазақстанның көшбасшысы мемлекеттік саясаттағы ең басты капитал – адам екендігіне көзі жеткен экономикалық және саяси жетілудің шыңынан көрінеді. Сондықтан болар 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Президент Жолдауында қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын…
Read MoreСЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ МАҚСАТЫНДА АКЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ
Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 22 тамыз күні Шиелі ауданының сауда орталықтарында, авто тұрақтарда, халық көп шоғырланатын орындарға, мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық көріністері көп орын алатын жерлерде, А3 форматтағы ақпараттық плакаттар ілінді.Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы деңгейді қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты тәрбиелеу және елдегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша тұрақты позицияны қалыптастыруға ықпал ету мақсатында жүргізілді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл — әр бір азаматтың міндеті.Акция барысында сыбайлас жемқорлық, құқықбұзушылыққа тап болған жағдайда қандай шаралар қолдану керектігі…
Read More