Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 22 тамыз күні Шиелі ауданының сауда орталықтарында, авто тұрақтарда, халық көп шоғырланатын орындарға, мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық көріністері көп орын алатын жерлерде, А3 форматтағы ақпараттық плакаттар ілінді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы деңгейді қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты тәрбиелеу және елдегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша тұрақты позицияны қалыптастыруға ықпал ету мақсатында жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл — әр бір азаматтың міндеті.
Акция барысында сыбайлас жемқорлық, құқықбұзушылыққа тап болған жағдайда қандай шаралар қолдану керектігі түсіндірілді.

