Облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысына сәйкес, «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту” әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра — Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 06 қыркүйек күні Отбасы орталығында «Отбасы — бақыт мекені» атты шеберлік сағаты өткізілді.
Шеберлік сағат барысында қала және аудандардан келген Алтын той иелері жастарға сан-салалы қызметте еңбек етіп, отбасының ынтымағы мен тыныштығын сақтау, қызмет пен ұрпақ тәрбиесін қатар алып жүрудің қыр-сырын айтып, отбасының қызықты оқиғаларымен бөлісті.
Отбасы құндылықтарын қадірлеп, жарты ғасырын бірге өткізген, бір-біріне демеу болып, өмірге әкелген перзенттеріне тәлімді тәрбие бере білген көп балалы, өнегелі отбасыларды салтанатты марапаттау шарасында облыстық әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі комиссия кеңесінің хатшысы Каримова Қаламқас «Алтын той» иелерін Алғыс хаттармен марапаттап, гүл шоқтарын табыстады.
Кештің қадірлі қонақтары болған Алтын той иелеріне арнайы сыйлықтар табысталып, шара соңында апаларымыз, қыз-келіншектерге жеміс-жидекті ерекше етіп безендіруді де үйретті.

