Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердіңморальдық-этикалық имиджіне қойылатын жалпықабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді жәнемемлекеттік органдарға қоғамдық сенімді нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара іс-қимылдың жоғарымәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Кодекс мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының жалпы стандарттарын және қызметтен тысмінез-құлық стандарттарын белгілейді. Жалпыстандарттарға: мемлекеттік қызметшілерқабылдайтын шешімдердің заңдылығын, әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, жеке сипаттағымәселелерді шешу кезінде өзінің қызмет бабынпайдаланбау, іскерлік этика және формальды мінез-құлық қағидаттарын сақтау кіреді. Яғни, мемлекеттік қызметшілер азаматтар мен жәнеұжыммен қарым-қатынас кезінде сыпайы болуға тиіс. Өз кезегінде, халықпен өзара іс-қимылдың негізгікөрсеткіші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердіңсапасы болады. Сондықтан мемлекеттік қызметтердіңсапасын арттыру бойынша тұрақты шаралар қабылдау, мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар ретіндехалықтың қажеттіліктеріне бағдарлану қажет. Оның әдепке сай емес мінез-құлқы мемлекеттікаппаратқа деген сенімге нұқсан келтіретінін түсінеотырып, оған жүгінетін азаматтардың әрбір мәселесінмұқият қарап, шешімдер қабылдаудың уақтылығын, заңдылығын және әділдігін қамтамасыз ету қажет. Жалпы, Кодекс мемлекеттік қызметшілердіңмәдениетіне ғана емес, қызметтік міндеттерді орындаумәдениетіне де қойылатын талаптарды белгілейді. Бұлне деген сөз? Қазіргі уақытта әдеп жөніндегі кеңестербарлық өңірлерде жұмыс істейді. Өз кезегінде, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби этикасын бұзуығана емес, сондай-ақ тәртіптік теріс қылықтарды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдыналу бойынша Мемлекеттік органдардың жұмыснәтижелері де ескеріледі. Мемлекеттік қызметшілер қоғамға жат мінез-құлықтан аулақ болу үшін жұмыстан тыс жерлерде де жалпы қабылданған моральдық және этикалықнормаларды үнемі ұстануы тиіс. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
Read MoreМесяц: Октябрь 2024
«Арнайы автокөлікке жол бер!» акциясы өткізілді
Қызылорда облысы ТЖД “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” республикалық мемлекеттік мекесінің ұйымдастыруымен қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, «Арнайы автокөлікке жол бер!» акциясы өткізілді. Құтқарушылардың оқиға орнына жылдам жетуі аса маңызды, адам өмірін құтқарып қалу үшін әр секунд қымбат. Сондықтан автокөлік жүргізушілері жауапкершілікті сезініп, арнайы қызмет көліктеріне әрдайым жол беруіне ықпал етуі қажет. Акцияның мақсаты – шұғыл қызметтердің кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге қоғамның назарын аудару. Аталмыш іс-шара барысында 3 жүргізушіге түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, 1 жүргізушіге әкімшілік шара көрілді. Қызылорда облысы ТЖД
Read MoreҚызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысы
2024 жылдың 18 қазанында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Баспасөз өкілдерінің қатысуымен пресс-конференциясы өткізілді.Пресс-конференцияны Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б.Е.Елшібеков жүргізіп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне 2024 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар жайлы баяндап өтті.2024 жылдың 9 айында – 2759 талап қою, 191 азаматтық іс (2023 жылдың 9 айы – 2563 талап қою, 189 іс), 386 азаматтық іс 2023 жылдан қалдық болып түскен (2023 жылдың 9 айында-402іс).Демек, ағымдағы жылы түскен талап қою мен арыздар саны өткен жылмен салыстырғанда 196…
Read MoreҚЫРАН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН
Республика күні халықтық мереке. Қазақстанның өзге елдермен терезесі теңесіп, шекарасы анықталып, өзіндік туы мен әнұраны бар жеке дара ел болып әлем картасында орын алған күн. Бұл бұрынға ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған азаттық таңы.25 қазан – Республика күні араға 13 жыл салып, ұлттық мереке ретінде қайта оралды. Ол еліміздің басты және жалғыз ұлттық мерекесі. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда: «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі…
Read MoreСот төрелігінің болашақтағы бағыты
Ағымдағы жылдың 4 қазанында Астана қаласында Елбасының қатысуымен Қазақстан Республикасы судьяларының кезекті IX съезі өткізілді.Республика судьларының съезі әр төрт жыл сайын ұйымдастырылады және сот жүйесінің дамуына зор әсерін тигізетін маңызды жиын болып табылады.Әрбір бас қосқан судьялар съезі сот тарихында айтарлықтай орны бар. Съезд өткізудің негізгі мақсаты – еліміздегі сот жүйесін дамыту, оны қазіргі заманға сəйкестендіру, атқарылған істерге баға беріп, болашақтың бағытын айқындау болып табылады. Қазіргі кезде Республика соттарында кадр саясатын жетілдіру мен судьялардың кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстарын одан әрі жалғастырылуда және судья қызметіне тағайындауда жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін…
Read MoreСъезде көтерілген мәселелердің орындалмайқалғаны жоқ
Сот жұмысын жандандыруда Судьялародағының маңызы зор. Ал осы судьялардың кәсіподағы саналатын қоғамдық бірлестіктің негізі1996 жылы өткен республика судьяларының алғашқы съезінде қаланған болатын. Содан бергі 28 жылдың ішінде Судьялар одағы тоғыз съездің өтуіне бастамашы болды. Әр төрт жылұйымдастырылатын бұл съездердің сот қызметіндегі орны бөлек. Тоғыз съездің көтерген мәселесі, талқыға салған тақырыбы әртүрлі. Бірақ, оның қай-қайсысы да сот саласын дамытуға, судьялардың дербестігі мен сапалы қызметіне жолашуға бағытталған. Биылғы съезд мінберінде де маңызды мәселелер көпшілік назарына ұсынылды. Әсіресе, судьялардың Әдеп кодексінің қабылдануы тоғызыншы съездің басты ерекшелігі ретіндетарихта қалары анық. Сонымен бірге, алқалы басқосуда өз пікір-ұстанымын білдіргенәріптестеріміз судья көмекшісі лауазымын енгізу, әкімшілік әділет институтын жандандыру, соттағы мемлекеттік тілді қолданысын арттыру қажеттігін алға тартты. Әлбетте, судьялар съезінде сөз болған мәселелердің бәрі де өзекті. Олардың алдағы уақытта оң шешімін тауып, сот жұмысын ілігерілетуге қызмет етері күмән туғызбайды. Өйткені, бұған дейінгі съездерде айтылған, назарға алынған ұсыныс, пікірлердің еленбей, ескерілмейқалған кезі жоқ. Мысалы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы судьяларының VIII съезінде «Судьяларымыз адам құқықтарының мүлтіксіз сақталуын басты…
Read More25-қазан – Республика күні
Республика күні қайта оралды. Парламент депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематалография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтылырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады. Енді 25 қазан- Республика күні ұлттық мереке ретінде атап өтіледі, ал 16 желтоқсан- Тәуелсіздік күні болып қала береді. «Бұл өте маңызды тарихи шешім. Еліміздің тәуелсіздігі шын мәнінде осы күннен басталады. Сондықтан бұл күнді ұлттық мереке ретінде бекіту – мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан алғанда маңызды қадам», — деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев. «Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталатын. Бұл…
Read MoreТатуластыру рәсімдері
Халқымыз бірлігін берік ұстап, татулықты ту еткен. Кешегі билердің салған сара жолы, көшпенділердің көші бүгінде жалғасын табуда. Қазақ халқы бесікте жатқаннан бірлікке, ынтымаққа, татулыққа тәрбиелейді. Кешірімді болуды әрқашан қәперде ұстауды баланың бойына сіңіреді. Екі рулы елдің арасында туған дауларды билер әрқашанда татуластыра отырып шешкен. Билер салған сара жолмен елімізде тәжірибенегізінде азаматтық, қылмыстық заңналарды ізгілендіру бағытында, Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңы Елбасымызбен қабылданған. Медиация — үшінші, бейтарап, әділ, жан-жал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы түрі. Бітістіру рәсімдерінің мақсаты: рәсімнің екі бірдей тарапының көңілінен шығатын дауларды шешу нұсқасына қол жеткізу;…
Read MoreСырдарияда Бақтияр Есенгелдіұлымен кездесулер өтті
Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 14-15 қазан күндері РАТТ мүшесі, теолог Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді.Атап өтсек, Сырдария ауданына қарасты Аманкелді, Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Н.Ілиясов, Іңкәрдария және Ақжарма ауылдық округі тұрғындарымен кездесулер өткізілді.Шаралар барысында Бақтияр Есенгелдіұлы әлеуметтік желінің дінге ықпалы, діни радикализм және оның қоғамға әсері, радикалданудың факторлары туралы атап өтіп, ақпарттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасты.
Read MoreҚазалыда іс-шаралар өтті
Қазалы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 15-16 қазан күндері РАТТ мүшесі, теолог Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде, Қазалы ауданы Қорқыт ата атвндағы өнер мектебінің ұжымымен, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен, №216, №226 мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларымен, аудандық көп бейінді аурухана ұжымымен, қала және кент әкімдігі қызметкерлерімен кездесулер өткізілді.Шаралар барысында Бақтияр Есенгелдіұлы әлеуметтік желінің дінге ықпалы, діни радикализм және оның қоғамға әсері, радикалданудың факторлары туралы атап өтіп, ақпарттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Жиын соңында қатысушылар…
Read More