Қазалы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 15-16 қазан күндері РАТТ мүшесі, теолог Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді.
Соның ішінде, Қазалы ауданы Қорқыт ата атвндағы өнер мектебінің ұжымымен, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен, №216, №226 мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларымен, аудандық көп бейінді аурухана ұжымымен, қала және кент әкімдігі қызметкерлерімен кездесулер өткізілді.
Шаралар барысында Бақтияр Есенгелдіұлы әлеуметтік желінің дінге ықпалы, діни радикализм және оның қоғамға әсері, радикалданудың факторлары туралы атап өтіп, ақпарттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасты.

