Арал теңізінің апаттық жағдайы салдарынан 60-жылдардың соңында Арал теңізі ихтиофаунасындағы жартылай өрістегіш балықтардың уылдырық шашатын орындарының жағдайы өте нашарлады. 1971 жылдан бастап теңіздің ашық бөлігіндегі судың орташа тұздылығы 12 ‰ көрсетіп, олардың ересек балықтарға кері әсер етуінің алғашқы белгілері пайда болды. Балықтырдың көптеген түрлерінің өкілдерінің өсу қарқыны бәсеңдеп, олардың сандары күрт азайды. 70-жылдардың ортасына қарай теңіздің орташа тұздылығы 14 ‰ асып аралдық балықтардың табиғи түрде өнуі толығымен бұзылды, сөйтіп, 70-жылдардың екінші жартысында балықтардың көптеген түрлерінің популяциясында ұлғаюлар болған жоқ. Осылайша, өткен ғасырдың 70-жылдары Арал теңізіндегі жергілікті кәсіптік ихтиофаунаның толығымен жойылып…
Read MoreРубрика: Қоғам
Өндірістік маңызы бар балық түрлері
Каспий мен азов-қаратеңізі ихтиофаунасымен салыстырғанда Арал теңізі ихтиофаунасының өзіне тән ерекшелігі – оның түрлерінің күрт азайуы мен айтарлықтай шамада суының тұщылығы және эвригалидті сипатта болуы. Мұнда теңізге тән балықтардың мүлдем болмауы тек Арал суының тұзды құрамымен ғана түсіндірілмейді. Г.В.Никольскийдің пікірі бойынша, бұрынырақта Арал теңізінің ихтиофаунасы әлдеқайда мол болып, тек бұдан кейін теңізідің толық тұщылану жайтынан балықтардың түрлік құрамының жұтауына әкелді.Балық шаруашылығы ғылымы қалыптасу кезеңінің басында кәсіпшіліктің жаңа нысандарын жерсіндіру жолдары арқылы Арал ихтиофаунасын қайта құру (реконструкция) мәселелеріне аса назар аударылған.Осылайша, 1927 мен 1991 ж.ж. жүргізілген жерсіндіру жұмыстарының нәтижесінде Аралда балықтың…
Read MoreҚаскерлікті болдырмау
Табиғатты қорғау — қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет.Қорықтар –…
Read More«Парктер шеруі» республикалық табиғат қорғау акциясы
Жастарымызды Жерін қадірлеп, табиғатын қорғай білуге баулу үшін, халқымыз табиғат қорғаудан хабардар болып, ат салысуы үшін елімізде «Парктер шеруі» акциясы жылма-жыл өткізілуде. Акция барысында көптеген іс-шаралар жүреді. Бұған республикамыздың барлық қорықтары, ұлттық парктері, қорғалымдар т.б. белсенді қатысады.Біздің елімізде «Парктер шеруі» акциясы мектеп оқушылары мен жасөспірімдерді отансүйгіштік пен табиғатты аялауға баулуда, туған өлкесіне жанашырлықпен қарауға тәрбиелеуде үлкен маңызға ие. Сонымен қатар, жергілікті халық арасында табиғи ортаны ластамауға, дала және орман өрттерінің алдын алуға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында таптырмас құрал.Марштың мақсаты – қорықтар мен ұлттық парктерге қоғамдық қолдау көрсету.«Парктер шеруі» тұрғындарға не…
Read MoreШиеліде аудандық семинар-тренинг өтті
Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» әлеуметтік жобасы аясында «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырды. Шараға АПБ-нің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкері Сактаганова Фарида Алиакбаровна, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы, психолог Аймаханова Назира Кенжебекқызы, аудандық әйелдер кнңесінің төрайымы мен өкілдері, жоба үйлестірушісі Мадиярова Шырайлым мен Әділбекқызы Меруерт қатысты. Семинарда психолог Назира Аймаханова, сала мамандары және қатысушыларға психологиялық жаттығулар ұйымдастырып, «Қамқорлық — Шиелі» дағдарыс орталығының жұмысы туралы айтып өтті.
Read MoreПрокуратура — құқық қорғау органдарының түпқазығы
Бүгінгі күннің болмысы Республиканың мемлекеттік-құқықтық институттарының жүйесі ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясының сақталуын мемлекеттін атынан жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, қылмысқа карсы күресте құқық қорғау және өзге де органдардың қызметін үйлестіретін, өз кезегінде, заңдардың, азаматтардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттік мүдделердің сақталуына ықпал ететін көп функционалды орган ретінде прокуратура органдарының құқықтық мәртебесін заңнамалық тәртіппен кеңейтуді талап етеді. Сондықтан Қазақстан Республикасы Заңымен «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі кездейсоқтық емес. Қазақстан Республикасында прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және оның қызметі мәселелерін қарастыра отырып, мыналарды есте сақтау кажет: біріншіден, прокурорлық кадағалау — бұл…
Read MoreӘділетті Қазақстан: Заң үстемдігі және жемқорлықсыз қоғам
Бүгін Қызылорда облысының әкімдігі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оның алдын алу бағытында «Әділетті Қазақстан: Заң үстемдігі және жемқорлықсыз қоғам» атты облыстық форумы өтті.«9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай ұйымдастырылған форумға Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашықов, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, білім, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, жастар, студенттер, ҮЕҰ және…
Read MoreАлаяқ әйелдер көбейді
. Әйел бейнесі – қоғам бейнесі. Қазақта әйелдің отбасында алатын орны, атқарар рөлі ұшан-теңіз. Соңғы кезде заман ағымының қарқынды өзгеруі, ғаламтордық қолжетімділігі, шетелге еліктеудің салдары еліміздегі қылмыскер нәзік жандылардың көбейіп кетуіне әкеп соғуда. Әрине бұл жағдай жанға батады.Өкінішке орай бүгінде қылмыс жыныс таңдамай отыр. Алаяқ әйел ұсталды, ғаламтор арқылы елден ақша ұрлаған әйел қолға түсті деген келеңсіз жаңалықтар кеңінен белең алуда. Себебі қыз-келіншектер адамдардың сеніміне тез кіреді.Соның салдарынан бүгінгі қоғамда алаяқ әйелдер қатары азаймай отыр. Олар оңай жолмен олжаға кенелеміз деп опық жеуде.Қазіргі кезде қоғамда бар-жиған тергенін алаяқтың қолына қалай бергенін кеш түсініп, бармақ тістеп қалатындар жетерлік. Жалпы әйелдер арасындағы алаяқтық қылмысқа тұрақты…
Read MoreМЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Бүгін Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығында қала және аудандардағы жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің қатысуымен әріптестік қарым-қатынасты нығайту, жұмыс өнімділігін арттыру мақсатында оқыту семинары өткізілді. Семинарда қоғамдық даму басқармасы «Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс жасау» бөлімінің бас маманы Сымбат Бимағанбетова ҮЕҰ-дың жұмыстарына жауапты қоғамдық даму бөлімдерінің мамандарына мемлекеттік портал арқылы әлеуметтік жобаларға қатысу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа арналған конкурс талаптары мен стандарты, оны бағалау туралы толыққанды түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қажетті әдістемелік материалдармен бөлісті. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау, гранттық қаржыландыру, сыйлықақы, ҮЕҰ-дың дерекқоры, билік пен азаматтық сектордың өзара іс-қимыл және ынтымақтастығы…
Read MoreАпостиль дегеніміз не?
Апостиль – заңдастырудың осындай нысанын танитын елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы ақпаратты толтырудың халықаралық стандартталған нысаны. «Апостиль» мөрі құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелеріне қойылады. Апостиль, шет мемлекеттік құжаттарға, басқа мемлекеттік органдарға оларды ұсынғанда заңды күшін береді. Натариалды расталған құжаттың көшірмесінде немесе түпнұсқасында мөртабан қою арқылы жасалады. Апостильді растау, құжат берілген мемлекетте ғана рәсімделеді. Апостиль мөртабанын қою рәсімі құжат жіберілетін ел консулдық заңдастыру талабын жойған және заңдастырудың қарапайым рәсімі – апостильдеуді енгізген 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясының қатысушысы болған жағдайда ғана қолданылады. Егер, Сіз құжат дайындап жатқан ел конвенция…
Read More