Каспий мен азов-қаратеңізі ихтиофаунасымен салыстырғанда Арал теңізі ихтиофаунасының өзіне тән ерекшелігі – оның түрлерінің күрт азайуы мен айтарлықтай шамада суының тұщылығы және эвригалидті сипатта болуы. Мұнда теңізге тән балықтардың мүлдем болмауы тек Арал суының тұзды құрамымен ғана түсіндірілмейді. Г.В.Никольскийдің пікірі бойынша, бұрынырақта Арал теңізінің ихтиофаунасы әлдеқайда мол болып, тек бұдан кейін теңізідің толық тұщылану жайтынан балықтардың түрлік құрамының жұтауына әкелді.
Балық шаруашылығы ғылымы қалыптасу кезеңінің басында кәсіпшіліктің жаңа нысандарын жерсіндіру жолдары арқылы Арал ихтиофаунасын қайта құру (реконструкция) мәселелеріне аса назар аударылған.
Осылайша, 1927 мен 1991 ж.ж. жүргізілген жерсіндіру жұмыстарының нәтижесінде Аралда балықтың 17 жаңа түрі пайда болды. Теңіз ихтиофаунасының құрамы 20 дан 37 дейін артты, алайда балықтардың кәсіптік түрлерінің саны аз ғана өзгерген.
Аралдың жергілікті (аборигенді) ихтиофаунасы генеративті – тұщы сулы балық түрлерімен беріліп, сандарының ауытқуының негізгі факторы – табиғи жаңғыртылу жағдайы болып табылады. Сырдария мен Амударияның суын үнемі пайдаланудың артуы — теңіз деңгейінің төмендеуіне әкелді. Бұл, ең алдымен, негізгі кәсіптік балықтардың 65-70 % пайда болатын, уылдырық шашатын орындарының, көбею жағдайларының бұзылуына әкеліп соқты.
Тұзданудың Арал теңізінің ихтиофаунасына кері әсер етуінің алғашқы белгілері 60 жылдың ортасында пайда бола бастап, тұздылық 12-14 ‰ көрсетті. Таяз сулы уылдырық шашатын жерлерде тұздылық теңіздің ашық аудандарына қарағанда жоғары жылдамдықпен өсе бастады. 1965-1967 ж.ж.өзінде ол 14 ‰ құрап, тұщы су балықтары уылдырықтарының дамуы жойылды.
1980 жылға қарай тұздылық 18 ‰ асқанда, Арал теңізі өзінің балықшаруашылық маңызын толығымен жоғалтты. Аралдың ихтиофауналық құрамында жергілікті түрлерден – шаншарбалық, жерсіндірілгендерден – бұзаубастар (теңіз шабағы), атерина, салака қалды. Тек Сырдария мен Амударияның сағаларында ересек кәсіптік балықтарды аулаудың жекелеген жағдайлары болған.
Осылайша, өткен ғасырдың 70-жылдары Арал теңізіндегі жергілікті кәсіптік ихтиофаунаның толығымен жойылып қалғанын атап өту қажет. Аралдың жергілікті кәсіптік балықтарының түрлері тек Сырдария өзені мен жайылма және сағалық көлдерде ғана мекендеді. Осы уақытта Арал теңізінде жерсіндірілген глосс камбаласы жалғыз кәсіптік түр болды. Алайда, ұзақ уақытқа созылған үзілістен кейін 1988 жылдан бастап Сырдария өзенінің ағысы Кіші Арал теңізіне құя бастады. Бұның нәтижесінде сағалық аймақта тұщыланған аймақ пайда болып, мұнда Сырдария өзені мен көлді жүйелерден сырғып ағып келген жергілікті кәсіптік ихтиофауна мекендей бастады.
2002-2005 ж.ж. Сырдария өзенінің суы мол болуы, сонымен бірге Көкарал бөгеті құрылысының аяқталуына байланысты тұщыланған аймақтардың көлемі айтарлықтай артып, балықтардың жергілікті түрлерінің мекен ету ареалдары ұлғайды. Жергілікті ихтиофауна жайылу мен уылдарық шашу үшін Кіші Арал теңізінің барлық акваториясын толығымен қамтыды. Бұл жағдай тек Бутаков шығанағының батыс бөлігінде болмады, өйткені мұнда салыстырмалы түрде жоғары тұздылық сақталды.
Кіші Арал теңізінің кәсіптік ихтиофаунасында балықтардың 18 түрі берілген (1-кесте).
1-кесте
Кіші Арал теңізі кәсіптік ихтиофаунасының түрлік құрамы
Түрдің атауы Түрдің дәрежесі
Атлант майшабағы — Атлантическая сельдь интродуцияланған, саны аз
Кәдімгі шортан — Щука обыкновенная жергілікті, саны аз
Ақтабан — Лещ жергілікті, кәсіптік
Айнакөз — Белоглазка жергілікті, саны аз
Кәдімгі ақбалық — Жерех обыкновенный жергілікті, кәсіптік
Күмістүсті мөңке балық — Карась серебряный жергілікті, саны аз
Арал майбалығы — Шемая аральская жергілікті, саны аз
Ақ амур — Амур белый интродуцияланған, саны аз
Сазан — Сазан жергілікті, кәсіптік
Ақ дөңмаңдай — Толстолобик белый интродуцияланған, саны аз
Қылышбалық — Чехонь жергілікті, кәсіптік
Торта балық — Плотва жергілікті, кәсіптік
Қызылқанат балық — Красноперка жергілікті, саны аз
Кәдімгі жайын — Сом обыкновенный жергілікті, саны аз
Өзендік алабұға — Окунь речной жергілікті, саны аз
Кәдімгі көксерке — Судак обыкновенный жергілікті, кәсіптік
Жыланбас балық — Змееголов интродуцияланған, саны аз
Глосс камбаласы — Камбала-глосса речная интродуцияланған
Негізгі кәсіптік түрлер – ақтабан, ақбалық, сазан, қылышбалық, аралдық торта балық, көксерке мен глосс камбаласы болып табылады.
Ұ. Қожабаев
Барсакелмес мемлекеттік
табиғи қорығы