МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Бүгін Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығында қала және аудандардағы жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің қатысуымен әріптестік қарым-қатынасты нығайту, жұмыс өнімділігін арттыру мақсатында оқыту семинары өткізілді. Семинарда қоғамдық даму басқармасы «Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс жасау» бөлімінің бас маманы Сымбат Бимағанбетова ҮЕҰ-дың жұмыстарына жауапты қоғамдық даму бөлімдерінің мамандарына мемлекеттік портал арқылы әлеуметтік жобаларға қатысу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа арналған конкурс талаптары мен стандарты, оны бағалау туралы толыққанды түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қажетті әдістемелік материалдармен бөлісті. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау, гранттық қаржыландыру, сыйлықақы, ҮЕҰ-дың дерекқоры, билік пен азаматтық сектордың өзара іс-қимыл және ынтымақтастығы жөнінде қажетті кеңестермен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Өз кезегінде қатысушылар спикерге сұрақтарын қойып, қажетті мәліметтермен таныс болды.

Related posts