Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» әлеуметтік жобасы аясында «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырды. Шараға АПБ-нің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкері Сактаганова Фарида Алиакбаровна, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы, аудандық аурухана гинекологы, жоба психологы Бисекова Зарина Жарылқасынқызы, жоба үйлестірушісі Мадиярова Шырайлым мен Әділбекқызы Меруерт қатысты. Кездесу шаралары кезінде зорлық-зомбылықтың алдын-алу шаралары және мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау туралы айтылып өтілді. Семинарда жоба психологы Зарина Жарылқасынқызы сала мамандары және қатысушыларға психологиялық жаттығулар ұйымдастырып, «Қамқорлық —…
Read MoreРубрика: Қоғам
Сырдарияда Республикаға танымал азаматтармен кездесу өткізілді
Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Сырдария ауданы көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» әлеуметтік жобасы аясында «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудан тұрғындары мен жастары арасында Дін Мәселелерін Зерттеу Орталығының дінтанушысы, РАТТ мүшесі Оспанов Бақтияр Есенкелдіұлы және Қызылордалық “Қайсар” футбол клубының капитаны әрі қорғаушысы Төлегенов Абылайхан Бахытханұлымен кездесулер өтті. Шара барысында діни радикализм мен экстрезимнің жағымсыз жақтары және бос уақыттарын тиімді өткізу бойынша әңгіме қозғалды.
Read MoreОқушылар арасында шығармашылық сурет сайысы өтті
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 14 қараша күні жас жеткіншектеріміздің санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алатын мәдениетті қалыптастыру бағытында «Б.Шалғынбаев атындағы №217 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі», «С.Толыбеков атындағы №3 ақпараттық технология мектеп-лицейі», «Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінде» «Адал ұрпақ» тақырыбында оқушылар арасында шығармашылық сурет сайысы өткізілді. Шараның негізгі мақсаты: «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіру, оның пайда болу жағдайлары, қоғамның дамуына тигізетін кері әсерлері және олардың жолдарын кесу, біздің қоғамымызды қалыптастырып дамытатын жас…
Read MoreЖастардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті
Облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ү.ж. 23 қараша күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлибаевнаның қатысуымен И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес білім және тәрбие» тақырыбында жастардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Шараның негізгі мақсаты: құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, нөлдік төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру. Қаржаубаева Ляззат Майлибаевна құқықтық…
Read MoreЖеңілдетілген заңдастыру жайын біл
Шетелмен байланыстағы жұмыстар үшін құжат дайындаудың өз қиындығы бар. Алайда «Апостиль» мөртабаны қою арқылы, «апостильдеу» десек түсінікті болар, яғни «жеңілдетілген заңдастыру» жүйесімен жұмыс жасасаңыз болады. Ол үшін сіз құжат жолдағалы отырған мемлекет Гаага конвенциясына қосылған ба, жоқ па, соны біліп алсаңыз болды. Егер сіз құжат жолдағылы отырған ел Гаага конвенциясына қосылған, консулдық заңдастыру талаптарының күшін жоятын және жеңілдетілген заңдастыру рәсімін енгізетін ел болса құжат жолдау кезінде — «апостиль» мөртабанын қоясыз және жолдайсыз.Ал, Сіз құжат дайындап баратын ел Гаага конвенциясына қатысушы мемлекет болып табылмаса, құжатты консулдықта заңдастыру қажет. Бұл белгілі жайт.…
Read MoreСеріктестік босану – босанушы әйелдің жақын адамдарының босануға қатысуы
Айгерім ЕнсепбаеваОблыстық перинатальды орталығы, босану бөлімінің акушері Жәрдем берушінің басты мақсаты – рухани қолдау, денеге түсетін ауыртпашалаққа демеу болу, босанатын адамға қолайлы, жайлы әсер жасау, яғни ол алдын-ала босану процесін біліп, дайындалып келген адам болу керек. Босанушы әйелдің белін, ішін сипап, нүктесі толғақты жансыздандыратын массаждар жасау, әйелдің дұрыс тыныс алуына, жүріп-тұруына, суын, тамақ ішуіне көмектеседі. Босанушы әйел босанудың І кезеңінде, яғни толғатып жүргенде қандай қалыпта өзінің жақсы сезінетін позасын өзі таңдайды. Оның допқа секіруіне, серіктесінің демеуімен отыруына, жерге жатуына, тізелеп отыруына болады. Босанудың ІІ кезеңі күшену басталғанда да әйелдер осы…
Read More«Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында сайыстар өткізілді
Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Қармақшы ауданы бойынша дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы ақпараттық-түсіндірмелік іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. қазан-қараша айларында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры мен Қармақшы ата мешітінің және Байқоңыр қалалық “Жәрімбет” мешітінің бірлесе ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында ұлттық ойын кір көтеру, арқан тарту, қол күресі спорт түрлерінен сайыстар өткізілді. Шараларға 5 командадан қатысып, ұлттық ойын спорт түрлерінен сайысқа түсті. Жарыс қызықты әрі тартысты өтті, және жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды.Сайыс төрешілерінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Сайыстар нәтижесінде Жосалы ауданы бойынша І дәрежелі орын…
Read MoreСҰХБАТ АЛАҢДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 16 қараша күні Тасбөгет кентіне қарасты №4 емханада және Көп бейінді облыстық балалар аруханасында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлибаевнаның қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сұхбат алаңдары өткізілді. Шараның негізгі мақсаты: құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, нөлдік төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру. Қаржаубаева Ляззат Майлибаевна құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас…
Read MoreСЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ЖАСТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 08 қараша күні М Ықсанов атындығы Қызылорда политехникалық колледжінде және Қызылорда Авиценна медициналық колледжінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлибаевнаның және Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және талдау, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің заңгері Аблаева Аида Бекболатқызының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – уақыт талабы» тақырыбында жастардың қатысуымен оқыту семинары өткізілді. Шараның негізгі мақсаты: құқықтық…
Read MoreАрдагер азаматтар арасында турнир өтті
Бүгін облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра — Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ардагер азаматтар арасында тастаяқ турнирі өткізілді. Батырларға құрмет көрсетіп, ерлігін елге насихаттау арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ерлігімен елге танылған алдыңғы буын ардагерлер арасында ұйымдастырылған сайысқа 20-ға жуық ардагер қатысты. Шаршы тақтада шар қуғандар арасында ҮЕҰ-дың ардагерлер өкілдері, Ардагерлер одағының «Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігінің, Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава Келісімшарты әскерінің тобы ардагерлері (ГКӘТ, ВКӘТ)» РҚБ облыстық филиалының, «Қызылорда…
Read More