СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ЖАСТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 08 қараша күні М Ықсанов атындығы Қызылорда политехникалық колледжінде және Қызылорда Авиценна медициналық колледжінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлибаевнаның және Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және талдау, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің заңгері Аблаева Аида Бекболатқызының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – уақыт талабы» тақырыбында жастардың қатысуымен оқыту семинары өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты: құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, нөлдік төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Аблаева Айда Бекболатовна «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені жөнінде түсіндерме беріп, атап айтқанда, қазіргі таңда әрбір мемлекеттік органдар жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін үздіксіз жетілдіруге бағытталған үлгілік базалық бағыт жұмыс жасап жатқаны жөнінде ақпараттар берді.

Заңгер Қаржаубаева Ляззат Майлибаевна құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықбұзушылық, қылмыстылық, және тағы да басқа бірқатар мәселелер туралы айтып өтті.

Related posts