Оқушылар арасында шығармашылық сурет сайысы өтті

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 14 қараша күні жас жеткіншектеріміздің санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алатын мәдениетті қалыптастыру бағытында «Б.Шалғынбаев атындағы №217 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі», «С.Толыбеков атындағы №3 ақпараттық технология мектеп-лицейі», «Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінде» «Адал ұрпақ» тақырыбында оқушылар арасында шығармашылық сурет сайысы өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты: «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіру, оның пайда болу жағдайлары, қоғамның дамуына тигізетін кері әсерлері және олардың жолдарын кесу, біздің қоғамымызды қалыптастырып дамытатын жас жеткіншектеріміздің санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алатын мәдениетті қалыптастыру бағыты.

Оқушылардың салған суреттері іріктеліп, бағаланып жеңімпаздар анықталды және диплом, алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлар берілді.

Related posts