Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Қармақшы ауданы бойынша дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы ақпараттық-түсіндірмелік іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. қазан-қараша айларында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры мен Қармақшы ата мешітінің және Байқоңыр қалалық “Жәрімбет” мешітінің бірлесе ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында ұлттық ойын кір көтеру, арқан тарту, қол күресі спорт түрлерінен сайыстар өткізілді.
Шараларға 5 командадан қатысып, ұлттық ойын спорт түрлерінен сайысқа түсті. Жарыс қызықты әрі тартысты өтті, және жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды.
Сайыс төрешілерінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Сайыстар нәтижесінде Жосалы ауданы бойынша І дәрежелі орын иеленген “Шөмекей” командасына — 100 000 теңге, кубок және диплом, ІІ дәрежелі орын иеленген «Ихсан» командасына — 70 000 теңге, кубок және диплом, ІІІ орын иеленген «Рух»командасына — 50 000 теңге, кубок және диплом табысталып, спорттық шараға белсенділік танытқан «Қармақшы ата» және «Бес аспап» командаларына 20 000 теңгеден қаржылай сыйлықтар мен алғыс хаттар берілді.
Сайыстар нәтижесінде Төретам кенті бойынша І дәрежелі орын иеленген “Ар-Рахман” командасына — 100 000 теңге, кубок және диплом, ІІ дәрежелі орын иеленген «Ахай мешіті» командасына — 70 000 теңге, кубок және диплом, ІІІ орын иеленген «Жәрімбет мешіті»командасына — 50 000 теңге, кубок және диплом табысталып, спорттық шараға белсенділік танытқан «Төретам» және «Сұұңқар» командаларына 20 000 теңгеден қаржылай сыйлықтар мен алғыс хаттар берілді.


