«Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі мамандарының ұйымдастыруымен, «Ұлағат» білім ордасы» жеке жалпы білім беру мектебінің спорт залында 15 мамыр 2024 жыл, сағат 10:00-де, Ұлы Жеңістің 79-жылдығына орай, «Денсаулық – жанның саулығы!» ұранымен, Үкіметтік емес ұйымдардың ардагерлердің арасында спорттық сайыс өткізілді.Атап айтқанда: Қызылорда облыстық «Ауған соғысы ардагерлері менмүгедектер кеңесі», «Невада – Семей», Чернобыль атом электр станциясының жарылысының зардаптарын жойған, Тәжік-Ауған, білім саласының ардагерлері «Ағарту командасы», Таулы Қарабақ, «ГСВГ ГВВД» бірлестіктерінің ардагерлері. «Денсаулық – жанның саулығы!» спорттық шараның басты мақсаты: қуанышты эмоционалды көңіл-күйді құру, өскелең ұрпақты ұқыптылыққа, құрбылары…
Read MoreМесяц: Май 2024
Мемлекеттік қызметкер – ел айнасы
Ф.НаятҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Мемлекеттік қызметші – мемлекетік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттерден не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қаражатынан ақы төленетін мемлекеттік лауазымды атқаратын және мемлекеттік міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметші болу – бұл үлкен абырой мен міндет. Ол билік пен халық арасында байланыстырушы буын болып табылады. Сондықтан да әр саланың сапалы жұмыс істеуі, жетістікке жетуі мамандардың біліміне, біліктілігіне тікелей байланысты. Мемлекеттік қызметкер- билік пен қарапайым халық арасындағы дәнекер.…
Read MoreСарай толығымен жанып кетті
29.05. 2024. Сағат 10-нан 54 минут өткенде Қызылорда қаласы, Тұрлығұлов көшесі №20 тұрғын үйдің ауласында ағаш сарай толығымен жанды. Өрт салдарынан 6 тауық өртенді. Өрт ошағынан 1 дана 50 л. газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт сағат 11-ден 23 минут өткенде толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында өртті сөндіруге жұмылдырылды: ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының филиалы, полиция бөлімі, қалалық электр тораптарын тарату (23 қызметкер және 6 бірлік техника).
Read MoreЖүк көлігі өртенді
2024 жылы 25 мамырда 12 сағат 06 минут өткенде Байқоңыр қаласы №8 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне Қазалы ауданы Байқожа ауылының тұсында Самара-Шымкент тас жолының бойында «Фура» жүк автокөлігі жануда деген хабарлама келіп түсті. Барлау жұмыстарын жүргізу барысында: Volvo fh м/б N 99 BM 407 жүк автокөлігіне тиелген жүктің салмағы 9 тонна болатын электр жабдықтары (розетка, включатель, переноска) жанды. Өрт 13 сағат 05 минут өткенде толық сөндірілді. Өрт сөндіруге №8 өрт сөндіру бөлімінен 1-техника 6-қызметкер жұмылдырылды.
Read MoreКӨЛІК ӘЛЕМІНДЕ — БОЛАШАҚ СІЗДІҢ ҚОЛЫҢЫЗДА
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі көлік саласына кадрларды даярлау бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл жұмыстағы маңызды қадам бүгінгі 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен көлік ұйымдарының мамандары және жоғары оқу орындары мен колледждер өкілдерімен жиын. Мектеп оқушыларымен бірге «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «ҚазАвтоЖол», «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК, Әуежай сияқты көлік саласындағы жетекші компаниялардың филиалдары мен өкілдіктері және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің өкілдері қатысады. Кездесу бағдарламасы көлік саласының сарапшыларымен және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің өкілдерімен диалогты қамтиды. Көлік саласының мамандарымен кездесуде қатысушылар осы саладағы кәсіптер мен қызмет бағыттары туралы қызықты…
Read MoreРизабек Батталұлымен бірқатар кездесу өтті
Арал аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Арал ауданы тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діниағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 19-21 мамыр күндері аралығында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы Әбу Ханифа ғылыми зерттеу орталығында ғылыми қызметкері, исламтану кафердасында аға оқытушы Ілімбаев Ризабек Батталұлының қатысуымен түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде Арал аудандық орталық мешітінің жамағатымен «Ізгі амалдың пайдасы» тақырыбында, №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде қызметкерлерімен, Арал аудандық мәдениет үйінде Атт мүшелері, орта мектептердің тәрбие – ісі жөніндегі орынбасарлары мен дінтану және тарих пәні мұғалімдері, учаскелік полиция қызметкерлері, әскери бөлім қызметкерлері,…
Read More«Жат ағыммен жұмыс жасау» тақырыбында кездесу өтті
Қазалы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 19-21 мамыр күндері аралығында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы Әбу Ханифа ғылыми зерттеу орталығында ғылыми қызметкері, исламтану кафердасында аға оқытушы Ілімбаев Ризабек Батталұлының қатысуымен түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде Қазалы ауданында «Нұралы» мешітінің жамағатымен «Дәстүр мен дін» тақырыбында, Әйтеке би кент әкімдігінде АТТ мүшелері және мектеп психологтары, дінтану пәнінің мұғалімдерімен, Қазалы аудандық ішкі істер бөлімі және төтенше жағдайлар бөлімі мамандарымен «Жат ағымның алдын алу» тақырыбында, аудандық «Халық» мешітінің жамағатымен «Момынның…
Read MoreШиелідегі кездесу
Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 12-14 мамыр күндері аралығында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті исламтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторанты Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлының қатысуымен түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде Шиелі аудандың орталық мешітінде «Дінді дұрыс түсінудің маңыздылығы» тақырыбында жамағатпен, Шиелі ауданына қарасты Төңкеріс, Нартай, Сұлутөбе, Майлытоғай, Тартоғай ауылдық округтерінде «Діни тұрақтылық-қоғам бірлігінің кепілі» тақырыбында, Шиелі аудандық орталық мешітінде дін қызметкерлерімен «Исламдағы бидғат түсінігіне қатысты пікірталастар» тақырыбында кездесулер өткізілді.
Read MoreНұржан Жақсылықұлымен бірқатар кездесу өтті
Жаңақорған аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 12-14 мамыр күндері аралығында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті исламтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторанты Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлының қатысуымен түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді. Атап өтсек Жаңақорған ауданы «Әл-Мүмин» мешітінде жамағатпен «Елдің тұрақтылығы-үлкен нығмет» тақырыбында, төтенше жағдай бөлімі мамандарымен Жат ағымдардан сақтанудың жолдары тақырыбында, ішкі істер бөлімінің мамандарымен, Жаңақорған аграрлық-техникалық колледжі студенттерімен, «Құзылқұм» ЖШС қызметкерлерімен «Деструктивті діни ағымдардың белгілері» тақырыбында, мектеп түлектерімен «Деструктивті діни ағымдардан сақтану жолдары» тақырыбында, психолог, дінтану пәні мұғалімдерімен «Дәстүрлі…
Read MoreҰЛАНДЫҚ ШТАТТАН ТЫС ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕР «QYZYLORDA» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Қызылордада Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5547 әскери бөлімінің штаттан тыс тілшілерімен оқу-әдістемелік жиын өтті. Әскери журналист – бұл ұғымды соғыс уақытында жау оғынан бұқпантайлап қашып жүрген, халыққа ақпарат таратушы әрі тілші маман ретінде танырсыз. Алайда бүгінгі күні шекарасы шегендеулі, бейбіт, мамыражай күн кешкен, өз алдына тәуелсіз мемлекеттерде де әскери тілшілердің алар орны ерекше. Бойында асқан батылдық пен тәуекел, ерік-жігері бар адам, қаруы мен қаламын бір саланың бойында ұштастыратыны сөзсіз. Практикалық сабақтар Мемлекет басшысының қоғамда және мемлекетте тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі идеялары төңірегінде жеке құраммен идеологиялық…
Read More