«Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі мамандарының ұйымдастыруымен, «Ұлағат» білім ордасы» жеке жалпы білім беру мектебінің спорт залында 15 мамыр 2024 жыл, сағат 10:00-де, Ұлы Жеңістің 79-жылдығына орай, «Денсаулық – жанның саулығы!» ұранымен, Үкіметтік емес ұйымдардың ардагерлердің арасында спорттық сайыс өткізілді.
Атап айтқанда: Қызылорда облыстық «Ауған соғысы ардагерлері мен
мүгедектер кеңесі», «Невада – Семей», Чернобыль атом электр станциясының жарылысының зардаптарын жойған, Тәжік-Ауған, білім саласының ардагерлері «Ағарту командасы», Таулы Қарабақ, «ГСВГ ГВВД» бірлестіктерінің ардагерлері.



«Денсаулық – жанның саулығы!» спорттық шараның басты мақсаты: қуанышты эмоционалды көңіл-күйді құру, өскелең ұрпақты ұқыптылыққа, құрбылары мен үлкендерге өзара көмек көрсету сезімін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстану. Жасөспірім арасында отансүйгіштікке баулу, өмірге деген құлшынысын арттыру болды.
Ұйымдастырушылар қатысушыларды тіркеп, олардың қан қысымын өлшеді Одан кейін Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды.
Аталған шарада, алғы сөз Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ибраев Уалихан Скрікұлы және «Ұлағат» білім ордасы» жеке жалпы білім беру мектебінің директоры Серікбай Асановқа берілді.
Одан кейін «Ұлағат» мектебінің жоғары сынып оқушылары флешмоб биледі.
Спорттық сайыс 3 түрінен өтті: «Валейбол», «Арқан тартыс», «Гір тасын көтеру».
Әр түрінен – І, ІІ, ІІІ және ынталандыру орын берілді.
Жеңімпаздарға арнайы сыйлар мен Диплом, Алғыс хаттар табыс етілді. Шараның сонында қатысушылар, мен қонақтар естелік фото суретке түсті.