Нұржан Жақсылықұлымен бірқатар кездесу өтті

Жаңақорған аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 12-14 мамыр күндері аралығында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті исламтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторанты Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлының қатысуымен түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді. Атап өтсек Жаңақорған ауданы «Әл-Мүмин» мешітінде жамағатпен «Елдің тұрақтылығы-үлкен нығмет» тақырыбында, төтенше жағдай бөлімі мамандарымен Жат ағымдардан сақтанудың жолдары тақырыбында, ішкі істер бөлімінің мамандарымен, Жаңақорған аграрлық-техникалық колледжі студенттерімен, «Құзылқұм» ЖШС қызметкерлерімен «Деструктивті діни ағымдардың белгілері» тақырыбында, мектеп түлектерімен «Деструктивті діни ағымдардан сақтану жолдары» тақырыбында, психолог, дінтану пәні мұғалімдерімен «Дәстүрлі діни бағыт пен деструктивті діни бағыттардың айырмашылығы» тақырыбында, аудан және ауылдық округ дін қызметкерлерімен «Исламдағы бидғат түсінігіне қатысты пікірталастар» тақырыбында кездесулер өткізілді.

Related posts