Ресми құжаттарға апостиль қою

Б.НалибаеваЖаңақорған аудандық сотыныңсот әкімшісінің басшысы Апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба ( штамп). Кез келген құжат ұсынушының өтініші бойынша құжаттың мәтіннен бос орында не оның арғы бетінде қойылады және уәкілетті мемлекеттік органның елтаңбалық мөрімен бекітіледі. Апостильді қоюға жататын ресми құжаттар ретінде : мемлекеттік органдардан және Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарынан, сондай ақ, сот органдарынан, прокуратура органдарынан, әкімдерден және басқаларынан шығатын құжаттар; нотариаттық расталған құжаттар. Апостиль қою үшін ұсынылатын құжаттар анық және нақты жазылуға, лауазымды адамдардың қолдары…

Read More

Қазалыдағы іс-шаралар

Ағымдағы жылдың 26-28 маусым күндері аралығында Қызылорда облыстық дін істері басқармасының «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме топ мүшелерін немесе теолог, дінтанушы және басқа да діни салаға қажетті мамандарды шақыру, іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасы аясында РАТТ мүшесі, теолог Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен Қазалы ауданында түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді. Атап өтсек, Қазалы қаласы тұрғындарымен және ауданға қарасты Майлыбас ауылдық округі Ақсуат ауылы, Сарыкөл ауылдық округі Абай ауылы, Ақтан батыр, Бірлік, Өркендеу, Аранды ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Шаралар барысында Бақтияр Есенгелдіұлы әлеуметтік желінің дінге ықпалы, діни радикализм және оның қоғамға әсері, радикалданудың факторлары…

Read More

Оспанов Бақтиярпен кездесулер өтті

Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 24, 25, 27 маусым күндері РАТТ мүшесі, теолог Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде, Жалағаш ауданына қарасты кент және ауыл дін қызметкерлерімен, аудандық ішкі істер бөлімі мамандарымен, аудандық Жастар ресурстық орталығы мамандарымен, ауданға қарасты Жаңадария, Аламесек, Еңбек, Аққұм ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Шаралар барысында Бақтияр Есенгелдіұлы әлеуметтік желінің дінге ықпалы, діни радикализм және оның қоғамға әсері, радикалданудың факторлары туралы атап өтіп, ақпарттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиын…

Read More

Сот жұмысының ұйымдастырылуының негізгі айнасы

М.ЖусупбековаҚызылорда қаласының №2 сотының сот әкімшісі Судьялардың қызметін қамтамасыз етуде маңызды рөлді сот отырысы хатшылары атқарады. Сот отырысының хатшысы лауазымына жоғары білімді адам тағайындалады. Сот отырысының хатшысы қылмыстық іске мүдделі емес мемлекеттік қызметші болып табылады. Сот отырысының хатшыларының жұмысы сырттан қарағанда қарапайым әрі оңай болып көрінеді. Бір қарағанда сот мәжілісінің хатшылары хаттама жасап, іс құжаттарын реттеп отыратын жай ғана маман сияқты. Алайда, сот мәжілісі хатшысының жұмысы күрделі, әрі қызықты да жауапты. Сотта қаралатын әрбір істің өзіндік қиындықтары мен істі өндіріске дайындау процестік әрекеттері болады. Сот мәжілісі хатшылары сот отырысының хаттамасын…

Read More

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Н.ИбраевҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныңжетекші маман сот приставы Сыбайлас жемқорлық  әлемнің  кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді. Осы аталған салада Заңның мақсаты — азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлықтардан туындайтын қауіп қатерден республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Жемқорлық — мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықтың ерекше белгісі — ол қылмыс субъектілерінің өз қызмет бабын, құқықтық мәртебесін және қызмет мүддесіне қайшы әрі құқық пен ар-ожданның қалыптасқан…

Read More

ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҒЫН САҚТАУҒА ДӘНЕКЕР БОЛДЫ

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті халыққа сапалы әрі қолайлы қызмет көрсету және сервистік процесстерді жетілдіру мен қызмет алушылардың бұзылған құқығын қалпына келтіру жұмыстарын ұдайы түрде жүргізеді.Бұл ретте басты ұстаным – әрбір қызмет алушыға сапалы көмек көрсетіп, заң аясында іс-қимыл жасау. Департамент тарапынан қызмет алушылардың құқығын қалпына келтіру сәтті жүзеге асуда.Мәселен, Департаментке мемлекеттік қызмет көрсетуден бірнеше рет негізсіз бас тарту фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің…

Read More

Бақтияр Есенгелдіұлы Қармақшы халқымен кездесті

Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 24-26 маусым күндері аралығында РАТТ мүшесі, теолог Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді.Атап айтсақ, Қармақшы ауданына қарасты Ақжар, Тұрмағамбет, Көмекбаев, Ақай ауылдық округтерінің тұрғындарымен, Жосалы кентінде Жастар ресурстық орталығы мамандарымен, жастармен және аудандық ішкі істер бөлімінде мамандарымен, Төретам кенті тұрғындарымен кездесулер өткізілді.Шаралар барысында Бақтияр Есенгелдіұлы әлеуметтік желінің дінге ықпалы, діни радикализм және оның қоғамға әсері, радикалданудың факторлары туралы атап өтіп, ақпарттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиын соңында қатысушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып,…

Read More

Заключить договор с коммунальными службами можно онлайн

Теперь владельцам недвижимости не обязательно обращаться в коммунальные инстанции для заключения договора на поставку услуг. При регистрации недвижимости им будет приходить SMS-сообщение с предложением автоматического заключения договора.  Пилотный проект реализован в Алматинской, Актюбинской, Жамбылской, Северо-Казахстанской, Акмолинской, Карагандинской, Костанайской, Кызылординской, Мангистауской и Туркестанской областях, а также в области Жетысу. К слову, ранее сервис стал доступен в Астане и Алматы. С момента внедрения в этих городах было заключено более ста тысяч онлайн договоров.  «Госкорпорация, как драйвер изменений, формирует технологичные и клиентоориентированные сервисы на пути к Invisible Government. Благодаря интеграции ИС «Единый государственный…

Read More

Коммуналдық қызмет көрсету шартын онлайн режимінде жасауға болады

Енді жылжымайтын мүлік иелеріне коммуналдық қызметтерді алу мақсатында шарт жасау үшін коммуналдық мекемелерге барудың қажеті жоқ. Оларға жылжымайтын мүлікті тіркеу кезінде шартты автоматты түрде жасау туралы SMS-хабарлама келетін болады.  Пилоттық жоба Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Жетісу облысында іске асырылды. Айта кетейік, бұған дейін бұл қызмет Астана мен Алматыда жүзеге асырылған болатын. Бұл қалаларда сервис енгізілгеннен күннен бастап жүз мыңнан астам онлайн шарттар жасалды. «Мемлекеттік корпорация өзгерістер драйвері ретінде Invisible Government жолында технологиялық және клиентке бағдарланған сервистерді қалыптастыруда. «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай…

Read More

Есірткісіз қоғам әрбіріміздің қолымызда

Ә.Жылкелді,Қызылорда қаласының №2 сотыныңбас маман-сот отырысының хатшысы Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Нашақорлық – бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Есірткінің қармағына бір іліндірген соң, торға түскен балықтай қанша бұлқынғанмен, одан қайтып құтылу екіталай. Әсіресе, жастарды көктей орып, жуадай солдыратын – көкнәр, апиын, наша тарту есірткі құмарлыққа жатады. Есірткі әлемнің көп елдеріне жайылып, жасырын бизнестің ең қауіпті түріне айналуы қазіргі кездің ең өзекті проблемаларының бірі. Бұл мәселенің шешілуі біздің мемлекетіміз үшін де маңызды. Баспасөз беттері және электронды бұқаралық ақпарат құралдары…

Read More