Қазалыдағы іс-шаралар

Ағымдағы жылдың 26-28 маусым күндері аралығында Қызылорда облыстық дін істері басқармасының «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме топ мүшелерін немесе теолог, дінтанушы және басқа да діни салаға қажетті мамандарды шақыру, іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасы аясында РАТТ мүшесі, теолог Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен Қазалы ауданында түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді.

Атап өтсек, Қазалы қаласы тұрғындарымен және ауданға қарасты Майлыбас ауылдық округі Ақсуат ауылы, Сарыкөл ауылдық округі Абай ауылы, Ақтан батыр, Бірлік, Өркендеу, Аранды ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулер өткізілді.

Шаралар барысында Бақтияр Есенгелдіұлы әлеуметтік желінің дінге ықпалы, діни радикализм және оның қоғамға әсері, радикалданудың факторлары туралы атап өтіп, ақпарттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиын соңында қатысушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.

Related posts