Жастар ресурстық орталығында семинар өтті

Облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 31 шілде күні сағат 11.00-де Сол Жағалау, Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Алға басқан азаматтық қоғам» атты оқыту семинары өткізілді.Семинар барысында қазіргі таңда өте қажетті тақырыптар «ҮЕҰ-дың дерекқорына» тіркелу, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар порталымен» жұмыс жасау және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «Мемлекеттік гранттарына өтінімдер жазу, тапсыру», мемлекеттік сатып алу порталында ҮЕҰ-ды бағалау критерийлеріне қарай бағалау жолдары бағыттары бойынша ақпараттар берілді.Семинарды тренер «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы»…

Read More

Мемлекеттік тіл – менің тілім!

Көркем Мұханбетқали ЖамбылқызыҚызылорда қалалық сотының жетекші маманы Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашанда егеменді ел бола алмайды, болуы мүмкін емес. Қазақ тілінің тағдыры үшін күрес соңғы жүз жылда бірде-бір толас тапқан жоқ. Ұлы Абайдың заманын айтпағанда, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар бастаған алып топ тіл мәселесіне ерекше мән беріп, оның шексіз байлығын, суреткерлік қуатын, бейнелігімен саздылығын көркемдік сапаға жеткізді. Бүгінгітаңда мемлекеттік тілді білу – мемлекеттік қызметкерлердің ең басты біліктілік талабына айнала бастады. Қазір мұндай талап қойылатын лауазымдар саны күн өткен сайын артып келеді.…

Read More

Сот каникулы пилоттық  жобасы

Е.Шекербеков,Қызылорда қалалық сотының судьясы Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында сот жүйесі әділдікті барынша объективті, ашық және жария түрде жүзеге асырады. Сондықтан, сот жүйесіндегі іргелі жобалар мен жаңашылдықтар жүзеге асырылып отырады.  Сондай жаңашылдықтардың бірі ретінде «сот демалыстары» жобасын атап өтуге болады. Бұл 2019 жылдан бастап сот ісін жүргізуге біртіндеп енгізіліп келе жатқан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының іргелі жобаларының бірегейі. Аталған жобаны алғашқылардың бірі болып Қостанай облысының соттары жүзеге асырды. Тәжірибе көрсеткендей, жоба жазғы демалыс кезінде соттың жұмысын ұйымдастыруға өте ұтымды болып отыр. Жоспарға сай, аталған жоба биыл еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі…

Read More

Виртуалды сот — бүгінгі заман талабы

Г.Досан,Кызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Заманына қарай амалы демекші қазіргі көз ілеспес дамып жатқан заманда ел көшіне ермесең есеңнің кетері анық. Ал, әлемнің дамуы адамзаттың уақытын тиімді пайдалануға бар жағдайды жасауда. Біздің еліміз сол дамудың бел ортасында келе жатқаны жалған емес. Қазір баяғыдай иін тірескен кезек, пора пора қағаз, сабылып сарсылған халық жоқ. Үйден шықпай ақ керек құжаттарыңды толтырып, қағаздарыңды ала аласың. Мұндай жетістіктерге әуелгілерден болып сот саласы қол жеткізген болатын.Президенттің өзі халыққа жолдауында мемлкеттік органдарда цифрландыру керектігіне тоқтап, сот билігі заман талабына ілесуі керек,…

Read More

ҮЕҰ мен еріктілер — қоғамның қозғаушы күші

Облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 29-30 шілде күні Шиелі, Сырдария аудандарында «ҮЕҰ мен еріктілер — қоғамның қозғаушы күші» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  Дөңгелек үстел модераторы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ — ның жобаларды басқару департаментінің бас менеджері Айтмамбетова Айжан “Үкіметтік емес ұйымдар — үкіметтен тәуелсіз жұмыс істейтін, әдетте қоғамдағы маңызды мәселерді алдыға шығарып, оларды шешуге ұмтылған еріктілер тобы құрған бейкоммерциялық ұйымдар. Бұл ұйымдар жергілікті, ұлттық және дүниежүзілік деңгейде құрыла алады. Үкіметтік емес ұйымдарға ортақ адам…

Read More

Туған тілім – тірлігімнің айғағы

М.ЖусупбековаҚызылорда қаласының№2 сотының сот әкімшісі  «Туған елім – тірлігімнің айғағы,Тілім барда айтылар сыр ойдағы,Өссетілім, менде бірге өсемін,Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!» – деп, ақын Әбілдә Тәжібаев атамыз жырлағандай, тіл қай елде болса да құрметті, құдіретті.  Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың  бастауы.  Тіл – халықтың рухани  байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Әркімнің тілге деген құрметін – өз анасына, өз ұлтына, өз Отанынан деген құрметінен білуге болады. Ана тілі – анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарып, жүректің терең сырларын, халықтың  басынан  кешкен  дәуірлерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын  қазына. Қай халықтың болмасын…

Read More

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА АКЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 24 шілде күні Шиелі ауданының сауда орталықтарында, авто тұрақтарда, халық көп шоғырланатын орындарға, сыбайлас жемқорлық көріністері көп орын алатын жерлерде А5 форматтағы ақпараттық стикерлер және А4 форматтағы бүктемелі жадынамалар таратылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы деңгейді қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты тәрбиелеу және елдегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша тұрақты позицияны қалыптастыруға ықпал ету мақсатында жүргізілді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл — әр бір азаматтың міндеті. Акция барысында сыбайлас жемқорлық, құқықбұзушылыққа тап болған…

Read More

ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ

Ағымдағы жылдың 24 шілде күні Шиелі қоғамдық даму бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында Шиелі ауданына қарасты Ақмая ауылдық округінің мәдениет үйінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, заңгер Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызының қатысуымен тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ» тақырыбында семинар өтті. Семинарға ауылдық округ тұрғындары қатысты. Шара соңында жиынға келушілер тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, пікірлер айтылды.

Read More

Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру

Ж.ҚасымоваҚызылорда қаласының №2 сотыныңбас маман-сот отырысының хатшысы Мемлекеттік қызмет — мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биликтің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру осы әлеуметтік институттың тиімді қызмет етуіне және дамуына қажетті жағдай, сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметтерінің  және  мемлекеттік  қызмет жүйесінің  тиімлігін арттыруға арналған жағдай болып  табылады.     Осы уақытта мемлекет  мемлекеттік қызметшілердің  ими джін көтеру қажеттілігіне қатысты мәселелерге үлкен назар аударып отыр.Мемлекеттік  қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру-ауыр және ұзақ процесс.Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру процесінің өзі атқарушы биліктің…

Read More

Заңсыз есірткі және психотроптық заттардың айналымына қатысты

А.ИзтелеуоваҚызыорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Замана көші алға ілгерілеген сайын бұрын-соңды естіп-білмеген дүниелер көбейіп келеді. Олардың арасында адамзатқа пайдалысы да зияны да көп. Ең қауіптісі зиянының көп болғаны. Осы зияндардың ішінде ерекше орын алатыны – есірткі мен нашақорлық. Шығу тегі мен мерзіміне қарағанда кеше ғана өмірге келген зат емес. Бұрыннан жер бетінде басқа өсімдіктермен қатар өмір сүріп келеді. Алғашында дәрілік шөп ретінде медицинаға пайдаланған бұл өнім – уақыт өте келе жүйке жүйесіне әсер ететін затқа айналды. Ғылымда есірткіні адамның көңіл-күйін, сана сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған…

Read More