Виртуалды сот — бүгінгі заман талабы

Г.Досан,
Кызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы

Заманына қарай амалы демекші қазіргі көз ілеспес дамып жатқан заманда ел көшіне ермесең есеңнің кетері анық. Ал, әлемнің дамуы адамзаттың уақытын тиімді пайдалануға бар жағдайды жасауда. Біздің еліміз сол дамудың бел ортасында келе жатқаны жалған емес. Қазір баяғыдай иін тірескен кезек, пора пора қағаз, сабылып сарсылған халық жоқ. Үйден шықпай ақ керек құжаттарыңды толтырып, қағаздарыңды ала аласың. Мұндай жетістіктерге әуелгілерден болып сот саласы қол жеткізген болатын.
Президенттің өзі халыққа жолдауында мемлкеттік органдарда цифрландыру керектігіне тоқтап, сот билігі заман талабына ілесуі керек, осыған жағдай жасауға барлық мүмкіншіліктер бар деп ерекше ден қойған болатын. Қазіргі таңда сот жүйесін жаңа технологияларды енгізу үшін едәуір жұмыстар атқарылып жатыр. Нәтижесінде, қағаз басудан арылып, қылмыс және заң бұзушылықтардың анықталу деңгейі жоғарылады. Ең бастысы – қағаз басудың жойылуы өз кезегінде сот ашықтығына әкеледі.
Мемлекетіміздің сот жүйесін цифрландыру процесіне келер болсақ, соңғы жылдары соттағы өткізіліп жатқан реформаларының нәтижесінде бұл салаға ақпараттық технологиялар енгізіле бастады. Яғни, сот залдары қазіргі заманға сай сапалы аудио-бейнежазба жүргізуге арналған техникалармен жабдықталып, барлық іс-қағаздар мен құжат айналымдары электрондық форматқа ауысты. Сонымен қатар, бірқатар электрондық сервистердің жұмыс істейді. Атап айтсақ, «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті», дыбыс бейне жазба құрылғысы, бейне-конференц-байланс жүйесі, «Электронды қылмыстық іс» жобасы, электрондық цифрлық қолтаңба, «Виртуалды сот» жобасы, «құқықтық қызмет орталығы» мен «тергеу соты» жобасы жұмыс істейді.
«Виртуалды сот» жүйесінің тиімділігі сол бір қаладан бір қалағы сотқа қатысамын деп сарсылып келместен өз тұратын мекен жайдағы сот кабинетінен сотқа қатыса алады. Бұлген әлеуметтік жағдайғаға ғана емес, уақытты тиімді пайдалану болып та табылады. Бұл заманның талабы.

Related posts