Мүмкіндігі шектеулі жандар спорттан шет қалған емес. Тағдырдың тәлкегіне түскен қаншама қажырлы жандар спортпен шұғылданып, не түрлі қиындықтарды еңсеріп, белестерден өтіп, сайыстарда жұлдызыдары жарқырап келеді. Сондай саңлақтардың бір қатары Қызылорда қаласындағы № 2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қызмет алып, түрлі үйірмелерде шыңдалып, шың биігінен көрініп келеді.Орталықта қызмет алып жатқандардың жүзге жуығы жеті түрлі спорт үйірмелеріне қатысып, түрлі сайыстарда суырылып алға шығып жүр. Оларды жараулы тұлпардай баптап келе жатқан спорт жаттықтырушысы Нұрбол Тәжібаевтың да еңбегі ерен.Тынымсыз жұмыстың нәтижесінде орталық спортшыларынан құрылған команда шағын футболдан Алматыда өткен халқаралық турнирде І- орын…
Read More