Теннис тұғыры, тағдыр сыны,табанды тарлан

Мүмкіндігі шектеулі жандар спорттан шет қалған емес. Тағдырдың тәлкегіне түскен қаншама қажырлы жандар спортпен шұғылданып, не түрлі қиындықтарды еңсеріп, белестерден өтіп, сайыстарда жұлдызыдары жарқырап келеді. Сондай саңлақтардың бір қатары Қызылорда қаласындағы № 2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қызмет алып, түрлі үйірмелерде шыңдалып, шың биігінен көрініп келеді.
Орталықта қызмет алып жатқандардың жүзге жуығы жеті түрлі спорт үйірмелеріне қатысып, түрлі сайыстарда суырылып алға шығып жүр. Оларды жараулы тұлпардай баптап келе жатқан спорт жаттықтырушысы Нұрбол Тәжібаевтың да еңбегі ерен.
Тынымсыз жұмыстың нәтижесінде орталық спортшыларынан құрылған команда шағын футболдан Алматыда өткен халқаралық турнирде І- орын иеленсе, Астанада өткен республикалық сайыста ІІІ орынды қанжығалады. Сол секілді Нұрбол жаттықтырушының нар жұлдыздары жеті спорт түрінен де жұлдыздай жарқырауда. Соның бірі жақында ғана Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында өткен трек қимыл аппараты, көру органдарының зақымданған зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында өткен республикалық VII Спартакиада стөл теннисінен жүлделі І орынды иеленген жерлесіміз Марат Ағыбаевтың жетістігі.
Тағдыр талайының тезіне түссе де, табандылығымен, жігерлігімен жұлқына алға жылжып, жан үгітіп жасымай, керісінше жетістіктерге қол созып, спорт биіктерін бағындырып жүрген теннисшіміз үмітті ақтады. Аудандық, қалалық, облыстық сайыстарда жүлделі орындар алып келе жатқан Марат өз уақытын жоспарлай алатын, әрі тиімді пайдаланатын жан. Жетекшісімен бірге тынымсыз дайындалған еңбегінің арқасында ел көлеміндегі спортшыларды бәсі мықтылығын көрсеткен ол әлі де үлкен додалалардың мінберінен үмітті.
Өмірде басын имейтін шың, шығармайтын тұғыр болмайды, тек соған жігеріміз бен табандылығымыз жетіспей жатады ғой деген кейіпкеріміз көпке үлгі, жастарға өнеге десек те болады. Өйткені ол өміріне спортты серік еткен, жат қылықтардан аулақ, еңбекке ғана бас иген жан. Өмірге келдің бе, өзіңді өрге сүйре, өзгелерден көмегіңді аянба деген ұстанымды ұстайтын ол ешқашан бос уақытым жоқ дейді. Мұңайуға, тағдырға ренжіп қамығуға, өзгеге сыр ақтарып шағымдануға қол тимейді, өйткені менің мақсатым үлкен деп мақсатпен бекітілген армандарымен де бөлісті.
Теннис менің жанымның рахаты, көңілімнің шуағы деген Марат қазірде қызу дайындық үстінде. Жастардың барлығын кез келген спортқа шақырар ем деген ол спорт арнайы маман бол демейді, өзге саланың маманы болып, елге қылтықсыз етіп етіп жүріп-ақ серік ететін дос деген ұстанымда. Оның осындай өршіл рухынан біз де дем алып қалғандаймыз.

Ирина Ақмырзаева

Related posts