М.Ибрашев
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы
Еліміздің сот жүйесінде маңызды реформалардың бірі жүзеге асты – Қазақстанда кассациялық сот өз жұмысын ресми түрде бастады. Бұл қадам азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Кассациялық соттың басты міндеті – сот шешімдерінің заңдылығын қадағалау және біркелкі сот тәжірибесін қалыптастыру. Енді азаматтар мен заңды тұлғалар өз істері бойынша аудандық және апелляциялық соттардан кейін кассациялық сатыға жүгіну мүмкіндігіне ие. Бұл сот әділдігіне деген сенімді арттырып, қателіктердің алдын алуға жол ашады.
Жаңа сот сатысының құрылуы Конституцияда бекітілген әділдік, заң үстемдігі және азаматтардың құқықтарын қорғау қағидаттарына толық сәйкес келеді. Сонымен қатар, ол халықаралық стандарттарға жақындатылған қадам болып отыр.
Кассациялық сот – сот жүйесінің дамуындағы жаңа белес. Оның тиімді қызметі халықтың сотқа деген сенімін арттырып, құқықтық мемлекеттің нығаюына ықпал етпек.