Мемлекет басшысының Жарлығы аясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жеті аудан мен Қызылорда қаласы халқымен кездесу өткізді. Кездесулерде Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Эльдар Күзенбаев та болды.
Read MoreРубрика: Әлеумет
Автобус паркінің көз жасы
Қоғамдық көлік тасымалы әубастан-ақ пайда әкелмейтін, шығынға жұмыс жасайтын мекеме. Деседе бүгінгі Қызылорда қаласындағы «Қызылорда автобус паркі» ЖШС мекемесі секілді бір тиын пайдасы жоқ көкала көк шығын емес шығар. Неге дейсіз бе? Себебі, аталмыш паркке автобусты мемлекет алып береді, қарызын және жергілікті билік төлеп отыр. Ал, Автобус паркі басшылығы болса «біз қарыздан шыға алмай жатырмыз», «автобус паркі құрып кетудің алдында тұр» деп көз жасын көлдетіп, мемлекеттен субсидия сұраудан танар емес. Жергілікті билік парктің жұмыс шарттарына талап қоя бастаса шопырлары жұмысқа шықпаймыз деп елді шырғалаңға салады да қояды. Қойдан момын елден шыққан шопырлар қалайша бұлай бұлданатынын білмейміз. Бар қолымыздан келері шопырлардың жаппай рейске шықпай қалу көтерілісін әлде автобус паркінің басшылығы, әлде шопырлардың өздері ұйымдастырып жатқан шығар деп күдіктену ғана.
Read MoreБЖЗҚ-дан ай сайынғы ең жоғары зейнетақы төлемінің мөлшері 707 мың теңгеден асты
2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,8 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты.
Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 12,4 трлн теңгені құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары 374,5 млрд теңге, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі шамамен 2,6 млрд теңге.
Read MoreЭлектрондық цифрлық қолтаңба жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Бүгінгі кезеңді кешегі уақытпен салыстыра алмайсың. Ақпараттық технологиялар даму үстінде. Кеше ғана азаматтар қандай да бір анықтамалық ақпарат, мүлік құқығын немесе жер учаскесі түріндегі материалдық игіліктерді, ақшалай қаражат түріндегі әлеуметтік көмекті және т.б. растайтын түрлі сәйкестендіру құжаттарын алу үшін мемлекеттік органға өтініш беруге бар жұмысын тастап немесе алыстан ат арытып өздері келуі қажет еді. Көбіне азаматтар жазған өтініштеріне жауап алу үшін қағазбастылықпен, түрлі кедергілермен инстанциялар арасындағы «жүгірумен» күресуге мәжбүр болды.
Read More