Тараптарды сотқа шақыру тәртібі

Тараптарды сот отырысына шақырып, оны ұйымдастыру хатшының тікелей міндеті. Бұны өз деңгейінде орындау сот отырысының хатшысының біліктігіне байланысты. Іске қатысатын адамдар, олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар мен аудармашылар сот отырысының немесе жекелеген процестік әрекеттерді жасаудың уақыты мен орны туралы хабарландырылады және соттың шақыру қағаздарымен сотқа шақырылады. Іске қатысатын адамдар, куәлар, сарапшылар, мамандар мен аудармашылар электрондық пошта мекенжайы, сот кабинеті немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша хабарлама жіберу арқылы, сондай-ақ хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де электрондық байланыс құралдары пайдаланыла отырып хабарлануы немесе шақырылуы мүмкін.     Электрондық пошта мекенжайы…

Read More

«Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!»

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 24 қазан күні Әскери техникалық мектептің алаңында Республика күніне орай «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» атты жастармен патриоттык акция өткізілді. Патриоттық акцияға М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледждің студенттері мен жетекшілері, Қызылорда Авицина Медицина колледжінің студенттері жетекшілері, Қызылорда Болашақ университетінің студенттері мен жетекшілері және Әскери техникалық мектептің курсанттары қатысты. Акция барысында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып,ерлігімен елге танылған алдыңғы буын ардагер ағаларымыз Әскери техникалық мектептің директоры Рахметулла Мұхамбетов, Ауған соғысының ардагері, «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы…

Read More

Ұлттық ойын спорт түрлерінен сайыстар өтті

Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Қармақшы ауданы бойынша дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы ақпараттық-түсіндірмелік іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 28 қазан күні «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры мен Қармақшы ата мешітінің бірлесе ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында ұлттық ойын спорт түрлерінен сайыстар өткізілді. Шараның ашылу барысын Қармақшы ата мешітінің бас имамы Қожанов Рахат сөз сөйлеп, қатысушыларды сайыстың мақсатымен таныстырып, оларға сәттілік тіледі. Шараға 5 команда қатысып, ұлттық ойын спорт түрлерінен сайысқа түсті. Жарыс қызықты әрі тартысты өтті, және жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Сайыс төрешісінің қорытындысы бойынша…

Read More

Электронды сот жүйесі жұмысының дамуы

Еліміздің сот жүйесі құқықтық мемлекеттің қажеттілігіне және заман талабына сәйкес үздіксіз жетілдіріп келеді. Ширек ғасырдан астам уақытта елімізде сот билігі толық қалыптасып, түрлі реформалар жүзеге асты. Соттар заманның заманауи жетістіктеріне қол жеткізді. Республикалық  соттарға енгізілген жаңа технологиялар сот ашықтығының кепіліне айналды. Яғни, мемлекет басшысының «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар, еліміздегі сот жүйесінің құрылымын одан әрі жетілдіру, сот өндірісін ықшамдау, оның халық үшін ашықтығы мен қолжетімділігін барынша тиімді етудің жолдарын белгілеп берді. Республикамыздың соттары ақпараттық-сараптамалық жүйені тәжірибеге енгізді. Соттың және сот билігінің беделін нығайту, қоғамда соттың…

Read More

Соттың оң имиджін қалыптастыру

Судья және сот қызметкерлерінің міндеттерін айқындап олардың азаматтар алдындағы оң имиджін көтеру мәселелері соңғы жылдары жиі талқылануда. Расында, жүгі ауыр осы саланың қоғам алдындағы беделін еселеп арттыратын уақыт келді. Бұл үшін судьялар әрқашан әділ шешім шығарып, әр уақытта барлық мәселені тең ұстауы керек. Судьялар мен сот қызметкерлерінің жұмыстары ұдайы БАҚ беттерінен де жарық көріп отырады. Олармен терең сұхбаттасып, азаматтарды толғандырған мәселелерге жауап алынады. Сондықтан болса керек, Ел Президенті Қ.Тоқаев судьялар мен БАҚ арасындағы байланысты жаңа деңгейге шығару жайлы сөз айтқан болатын. Қазіргі таңда сот саласының басты мақсатының бірі қос тарапты…

Read More

25 қазан – Республика күні

Облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 24 қазан күні «25 қазан – Республика күніне» орай ел дамуына елеулі еңбек сіңіріп, азаматтық ұстанымдарын еліміздің саяси дамуына жұмсап жүрген бірқатар азаматтық қоғам өкілдерін марапаттады. Басқосуда қоғамдық даму басқармасының басшысы жиналғандарды мерекемен құттықтап, аймақ дамуы жолында сіңірген еңбектері үшін алғыс айтты.Салтанатты шарада аймақтың элеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосып, ірі әлеуметтік жобаларды, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырып жүрген өңірдегі бірқатар кәсіпкер,…

Read More

Қыз бала тәрбиесі — ұлт тәрбиесі

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж 20 қазан күні сағат 15.00-де «Батыр ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әбдіхалықова Гүлсара Серікқызымен М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық жоғары колледжінің Инабат қыздар клубы жастарымен «Қыз бала тәрбиесі- ұлт тәрбиесі» тақырыбында кездесу өткізілді. Шараның мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып,қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу. Гүлсара Серікқызы кездесуді еркін форматта жүргізіп, қатысушыларға өзінің жануя құрудағы және қыз баласын…

Read More

ЖАСТАРҒА АРНАЙЫ САЛА МАМАНЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕҢЕС БЕРУ ӨТКІЗІЛДІ

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастырумен ү.ж. 13 қазан күні И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлықтехникалық жоғары колледжінде жастарға арнайы сала маманының қатысумен жастарға мемлекеттік қолдау бағдарламаларын кеңінен түсіндіру, жастар саясатына мүдделі тараптардың ортасын қалыптастыру мен жастарға қатысты өзекті мәселелерді зерделеу бағытында кеңес беру жұмыстары жүргізілді. «Отбасы банк» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының маманы Найманова Аида Шүмекейқызы депозит ашу, пәтер сатып алу үшін ипотекалық кредит алу, «Отбасы банк» қаражатын пайдаланушыларға қандай да бір жеңілдіктер ұсыну жөніндегі маңызды сауалдар жолданып, жастарға мемлекеттік бағдарламалар…

Read More

БАЛА МАССАЖЫНАН МАСТЕР-КЛАСС ӨТКІЗІЛДІ

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж 18 қазан күні Сол жағалау, ҮЕҰ-дың ресурстық орталығында жастарға,қыз-келіншектерге, аналарға арналған «Бала саулығы-ұлт болашағы» тақырыбында Қызылорда Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығының мамандары Алмағанбетова Ақмарал мен Темиргалиева Салтанат ЕДШ нұсқаушыларының қатысуымен балаларға арналған кеңес беру, массаж түрлерін үйрету мақсатында бала массажынан мастер-класс өткізілді. Шеберлік сағатында білікті мамандар нәрестеге жасалатын массаж түрлерін, балаларға қойылған диагноз бойынша масаж түрлерін үйретті. Бала күтіміне қатысты ескеруі керек кеңестер берді. Бала массажын үйренемін деушілердің мән беру қажет маңызды мәселелерге тоқталып және осы сынды…

Read More

Жанұя құндылығы

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 16 қазан күні Сол жағалау, ҮЕҰ-дың ресурстық орталығында Психолог, педогогика ғылымдарының магистрі Қойшыбаева Қарлығаш Балтабаевнаның қатысуымен жастарға әр отбасында мейірімді қарым-қатынас орнатып, ата-ана мен бала және ерлі-зайыптылар арасындағы түсіністікті қалыптасыруға атсалысу мақсатында «Жанұя құндылығы» атты семинар-тренинг өткізілді. Шара барысында Қарлығаш Балтабаевна жанұя берекесі мен құндылықтарын сақтай білу, өмірдегі түрлі отбасылық мәселелердің шешімін табу, бала тербиесі туралы жастарға бағыт-бағдар берді. Тренер семинар-тренингті еркін форматта жүргізіп, отбасы туралы көптеген тың ақпараттар беріп, психологиялық қызықты ойындар мен практикалық тапсырмалар ұйымдастырды. Жанұялық…

Read More