Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастырумен ү.ж. 13 қазан күні И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық
техникалық жоғары колледжінде жастарға арнайы сала маманының қатысумен жастарға мемлекеттік қолдау бағдарламаларын кеңінен түсіндіру, жастар саясатына мүдделі тараптардың ортасын қалыптастыру мен жастарға қатысты өзекті мәселелерді зерделеу бағытында кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
«Отбасы банк» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының маманы Найманова Аида Шүмекейқызы депозит ашу, пәтер сатып алу үшін ипотекалық кредит алу, «Отбасы банк» қаражатын пайдаланушыларға қандай да бір жеңілдіктер ұсыну жөніндегі маңызды сауалдар жолданып, жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй алу, депозитке қаржы жинақтау, ипатекаға үй алудың тиімді жолдары мен қарастырылған жеңілдіктер бойынша сәйкесінше толыққанды жауаптар алды.

