Жанұя құндылығы

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 16 қазан күні Сол жағалау, ҮЕҰ-дың ресурстық орталығында Психолог, педогогика ғылымдарының магистрі Қойшыбаева Қарлығаш Балтабаевнаның қатысуымен жастарға әр отбасында мейірімді қарым-қатынас орнатып, ата-ана мен бала және ерлі-зайыптылар арасындағы түсіністікті қалыптасыруға атсалысу мақсатында «Жанұя құндылығы» атты семинар-тренинг өткізілді.

Шара барысында Қарлығаш Балтабаевна жанұя берекесі мен құндылықтарын сақтай білу, өмірдегі түрлі отбасылық мәселелердің шешімін табу, бала тербиесі туралы жастарға бағыт-бағдар берді.

Тренер семинар-тренингті еркін форматта жүргізіп, отбасы туралы көптеген тың ақпараттар беріп, психологиялық қызықты ойындар мен практикалық тапсырмалар ұйымдастырды. Жанұялық өмірде кездесетін қиындықтарды бірлесе жеңу керектігін атап өтіп, отбасындағы татулық, сыйластықты сақтау жөнінде кеңестерін айтып, тұшымды ой-пікірлермен бөлісті.

Related posts