Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж 20 қазан күні сағат 15.00-де «Батыр ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әбдіхалықова Гүлсара Серікқызымен М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық жоғары колледжінің Инабат қыздар клубы жастарымен «Қыз бала тәрбиесі- ұлт тәрбиесі» тақырыбында кездесу өткізілді.
Шараның мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып,қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу.
Гүлсара Серікқызы кездесуді еркін форматта жүргізіп, қатысушыларға өзінің жануя құрудағы және қыз баласын тәрбиелеудегі өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Отбасы құндылығы, татулығы, ата-ана мен бала арасындағы қарым қатынас туралы жастарға бағыт-бағдар берді.
Шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, пікірлер айтылды.


