⚜️Қалалық қоғамдық даму бөлімінің «Азаматтық қоғам институттарының бастамаларын қолдау және қоғамдық-саяси маңызы бар шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдығы жылдың 16 желтоқсан күні «Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алу» шарасы өтті. ⚜️Шарада 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде құрбан болған азаматтардың рухына құран бағышталды және гүл шоқтары қойылды.
Read MoreРубрика: Қоғам
ЖАТЫРДАН ТЫС ЖҮКТІЛІК ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Альжанова Эльмира Умирбековна«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының«№ 6 қалалық емханасы» ШЖҚ КМК акушері Жатырдан тыс жүктілік (эктопиялық жүктілік) – ұрықтанған жұмыртқа жасушасының жатыр қуысына емес, басқа жерде, көбінесе жатыр түтікшесінде дамуы. Бұл медициналық тұрғыдан өте қауіпті жағдай, өйткені ол ананың денсаулығына үлкен қатер төндіруі мүмкін. Жатырдан тыс жүктіліктің бірнеше негізгі себептері бар: Жатырдан тыс жүктіліктің белгілері Бұл патологияның алғашқы белгілері қалыпты жүктілікке ұқсас болуы мүмкін, сондықтан әйелдер оны бірден байқай қоймайды. Негізгі белгілерге мыналар жатады: Асқынулар. Жатырдан тыс жүктілік уақтылы анықталмаса, төмендегі асқынулар болуы мүмкін: Диагностика. Жатырдан тыс жүктілікті ерте анықтау өте маңызды.…
Read MoreБарсакелмес қорығына 85 жыл!
Т. ӘбдікеровБарсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы 1939 жылы Қазақ ССР Халық Комиссарлар Кеңесінің №973 шешімі бойынша қорық статусы берілген. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының негізгі мақсаты — құлан, қарақұйрық, ақбөкендердің популяциясын қалпына келтіру мен сақтау, шөлейттенген өңірлердің биоалуантүрлілігінің қайта қалпына келуіне мониторинг жүргізу. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының 85 жылдығына орайластырылған бірнеше іс — шаралар жүргізілді. Іс — шаралардың басты мақсаты — Барсакелмес қорығының биоалуантүрлілігін оқушыларға таныстырып, дәріптеу, оларды табиғат қорғау ісіне баулу. Табиғатты қорғау — бұл әрбір адамның, әсіресе жастардың, өз жауапкершілігін сезініп, болашақ үшін қамқорлық жасауға бағытталған маңызды іс. Оқушыларды табиғатты…
Read MoreӘскери борышын өтеген сарбаздар үйіне қайтты
Өткен жылдың қысында ғана Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан әскерінің №5547 әскери бөліміне шақырылып, белгіленген мерзімде міндетін абыроймен атқарған 147 сарбазымызүйіне қайтты. Отан алдындағы әскери борышын өтеу әрбір ердің – азаматтық борышы. Ал енді сол міндетті абыроймен атқару – жігіттің жүрегін түкті, ерік-жігерін мықты етеді. Сарбаздар бір жыл бойы әскери өмірдің қыр-сырын бойларына сіңіріп, әртүрлі ауқымдағы тактикалық оқу-жаттығуларға қатысты. Жаңа машықтарды игерді. Қаруды дұрыс қолданып, нысананы дәл көздеуді үйренді. Отан алдында борышын өтеу кезінде сарбаздарымызәскери мамандықты меңгеріп, жауынгерлік даярлықта елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Олар бірнеше мәрте іс жүзінде жоғарғы жауынгерлік машықты паш ете отырып, киелі Қызылорда шахарында қоғам тыныштығын қырағылықпен күзете білді. Кеше ғана торсықтай ғана бала болып келген, бүгінде ер атанып, салмақты да…
Read MoreСӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ
Әскер – елдің басына күн туа қалған жағдайда жүгінер ең маңызды күш. Отан қорғар әскер барда,қорғанымыз мықты бола бермек. Шүкір, бүгінде мемлекетіміздің арқа сүйер айбынды әскері бар. Құқықтық тәртіп әскерінде жұмыс істеп, өмірінің 22 жылын әскери өмірге арнап, өз міндеттерін абыроймен атқарып, құрметті демалысқа шыққанымен сүйікті ісінің нағыз жанашыры ретінде танылған, ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдікәрімов Ерлан Асанұлымен сұхбаттасуды жөн көрдік. — Саламатсыз ба! Ерлан Асанұлы, әңгімемізді өзіңізден бастасақ… — Иә, рақмет! Қазақстан Республикасын қорғау – оның әр азаматының қасиетті борышы. Мұны баршамыз білеміз. Біздің халқымыз жоғары патриотизм рухында тәрбиеленген. Тек патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік қана кез келген мемлекеттің гүлденуі мен өркендеуіне кепіл болатын негізгі күш. Артымыздан…
Read MoreҮЕҰ мен еріктілер — қоғамның қозғаушы күші
⚜️Қызылорда қаласы қоғамдық даму бөлімінің «Азаматтық қоғам институттарының бастамаларын қолдау және қоғамдық-саяси маңызы бар шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 03 желтоқсан күні Сол жағалау, Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында «ҮЕҰ мен еріктілер — қоғамның қозғаушы күші» тақырыбында танымдық шара өткізілді. ⚜️Шараны «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының жетекшісі Әбдіғапбар Перизат Қанжарбекқызы ашып, сөз кезегін шара спикерлеріне берді. ⚜️Шараға «Волонтёрлер фронт-офисінің» жетекшісі, қоғам белсендісі Айтбенбетов Болатбек Серікбайұлы, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облысы бойынша өкілі Жидебай Оңталап Тасболатұлы қатысып, сөз сөйледі. ⚜️Шара соңында қатысушы жастардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп,…
Read MoreЖидебай Оңталап 50 жаста
⚜️Қалалық қоғамдық даму бөлімінің «Азаматтық қоғам институттарының бастамаларын қолдау және қоғамдық-саяси маңызы бар шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 03 желтоқсан күні Сол жағалау, Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залындаҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облысы бойынша өкілі Жидебай Оңталап Тасболатұлының мерейлі 50 жасқа толуына орай құттықтау шарасы өтті. ⚜️Қоғамның үдемелі дамуында белсенділік танытып жүрген ел жанашыры, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облысы бойынша өкілі Жидебай Оңталап Тасболатұлы 50 жаста. Бүгін мерейтой иесіне құрмет көрсетіліп, қала әкімінің құттықтауы табысталды. ⚜️Қызылорда қалалық қоғамдық даму бөлімінің…
Read MoreЖаңақорғанда Сәкен Алдашбаевпен кездесулер өтті
⚜️Ағымдағы жылдың 28-29 қараша күндері Жаңақорған аудандық қоғамдық даму бөлімінің ««Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында РАТТ мүшесі Алдашбаев Сәкен Мінуарұлының қатысуымен Жаңақорған ауданында түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді. ⚜️Шаралар барысында Сәкен Мінуарұлы дін мен дәстүрдің сабақтастығы, ғаламтор зияны мен пайдасы, жат ағымның қауіптілігі, отбасы құндылықтары және зайырлылық қағидаттары жайлы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.бойынша ақпарттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ⚜️Шара соңында өзара пікір алмасулар болып, қойылған сауалдарға жауап берілді.
Read MoreЖемқорлықсыз қоғам
⚜️Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 27 қараша күні «Достық үйі» ғимаратының мәжіліс залында «Жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында кездесу өткізілді.⚜️ Кездесудің негізгі мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықбұзушылық, қылмыстылық, және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы мен оның талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.⚜️Кездесуде ҚР-ның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің, Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанындағы, мемлекеттік қайраткерлер мен құрметті мемлекеттік қызметкерлер арасынан құрылған…
Read MoreИсмайл Ибрагимұлымен бірқатар кездесу өтті
Ағымдағы жылдың 20-22 қараша күндері аралығында Қызылорда облыстық дін істері басқармасының «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме топ мүшелерін немесе теолог, дінтанушы және басқа да діни салаға қажетті мамандарды шақыру, іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасы аясында РАТТ мүшесі Абулхайров Исмайл Ибрагимұлының қатысуымен Қызылорда қаласы және Шиелі, Жаңақорған аудандарында түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді. ⚜️Шаралар барысында Исмайл Ибрагимұлы жастарды деструктивті діни ағымдардан сақтандырудың маңызы, жастардың санасына жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, деструктивті діни идеяға қарсы иммунитетті қалыптастыру жолдары, діни ағымдардың қоғам психологиясына әсері, дін мен дәстүрдің сабақтастығы тақырыптары бойынша ақпарттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Read More