«Мемлекеттік тіл – ел мерейі»

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауына

Ұлттың тілі сол елдің мұраты әрі алтын тұтқасы десек, мемлекеттің тілі мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылуы тиіс.

Мемлекеттік басқару, заң шығару сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі де қазақ тілінде жүзеге асуы маңызды. Оны меңгеру Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Қазақстан азаматының ана тілін қолданылуына қарым-қатынас тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар. Азаматтардың тілге қатысты құқықтарын кемсітуге жол берілмейді. Мемлекеттік тіл — тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениеттің елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатын секілді, мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де-мемлекет тәуелсіздігінің негізгі атрибуттарының бірі әрібірегейі. Тіл халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі-ұлттың мәселесі. Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлтпен — ұлтты татуластыратын ерекше қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-біріне қатынаса алады. Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын бекітіп, қанатын қатайтты. Тілдің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау сіз бен біздің қолымызда.

Қанымызға сіңісті, жанымызға жұғысты, ой-санамызға нұрлы шуақ сыйлап, сілкіндіріп серпілтетін, марқайтып қанаттандыратын өзіміздің мемлекеттік тіліміз. Тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз. Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. «Тіл туралы» заңдағы «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» – деген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты.

Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің не тұрып жатқан еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің.

Сондықтан ана тілін білмей, ұлттық мәдениетті жеті меңгеру мүмкін емес. Адам қай тілде сөйлесе, сол тілге қызмет етеді. Сондықтан мемлекеттік тілді ұлттық идея етіп, оны қолданып, сол тілде сөйлеп, елімізге адал қызмет етейік, ана тілімізді құрметтейік.

Бейбітбек Бүркітбайұлы
Қазақстан құрметті журналисі
Қызылорда облысы

Related posts