Қазақ тілі және сот медицина сараптамасы

Жусупова Бактыгуль Куанышевна,
Қызылорда облысы бойынша сот cараптамалары институты
Сот-медицина сарапшысы-биолог, Сот-биологиялық бөлімшесі

Еліміздің егемендік алғанына 33 жылдан асып барады. Сол егемендікті алғаннан бері Қазақстан сот-медицина сараптамасы да өз алдына егемендік алып, медицина саласында елеулі көш бастауда, яғни өз алдына шаңырақ құрып өзінің жеке ережесін құрды. Сонымен қатар бірнеше жылдар төңірегінде өз журналын шығарып, өзінің мамандық иелерін ғана таныстырып қоймай басқа да медицина саласында қызмет жасап жүрген медицина мамандарының қолына тиюде және де олар  да  өз ойларын,жаңалықтарын жазып пікір таластыруда. Бұл өте қуанарлық жағдай.      

Қазақ тілі – сот медицинасы  төңірегінде сөз қозғағаным, бұл менің ұлттық көзқарасымды  көрсету емес,бұл заман талабы. Қазіргі жағдайда қай саланы алсақ та, қазақ тілін көтеруге ат салысуда.

«Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басты бағытының бірі болып қала береді. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар. Қазақ тілі шын мәнінде білім мен ғылымның ,мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Жалпы мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңіп келеді. Бұл заңды құбылыс. Өмірдің басты үрдісі. Сондықтан қазақ тілінің өрісі тым шектеліп барады деуге негіз жоқ. Ата заң бойынша Қазақстанда бір мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі. Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілінде сөйлеп, сөйлей білмейтіндер үйренуге ден қоюға тиіс. Бұл отаншылдықтың басты белгісі деуге болады.» деді өз жолдауында ҚР Президенті Қ.Тоқаев.

Сондықтан бұл мәселеге парасатпен қарап, өз кезегінде сот медицина саласын айналып өтпесіне сенімдіміз. Ең бастысы тәуелсіз Қазақстанға аянбай еңбек ету жауапкершілігі мол парыз деп есептейміз. 

Ал енді өзіміздің саламыз сот-медицина саласын алатын болсақ, қазіргі таңда біраз сөздер мен терминдер қазақ тіліне аударылып қолданысқа енгізілуде. Елімізде қазақ тілі сот-медицина саласына жанашыр болған ағамыз Қ.Д.Қаракөбенов. Қ.Д.Қаракөбенов  «Сот медицинасы» оқулық кітабының авторы болған.

Жұмыс барысында  кейбір терминдердің қазақша аудармалары болмауы жұмысқа кедергі келтіріп отырды. Осыған орай, өзіміздің ойлап тапқан аудармалармен,сөздіктермен аударылып жұмыс жүріп жатты. Қазақ тілін жетімсіретпей келешекте жұмыс жасау үшін қаламыздағы «Қазақ тілі» қоғамына барып, өз ынтамызбен қазақ тіліне әлі толық аударылмаған заттардың, құралдардың, айғақ заттардың атауларын аудартып іс-құжаттар жүргізу барысында пайдаланып жүрміз. Бір жағынан осы жағдайларда көп көмек беріп жүрген мекеме сарапшыларының, қазіргі таңда зейнеткерлер Н.Ж.Омарбекова, Ә.Рахымжан, Қ.Құлмырзаев, Қ.Сексеновтердің еңбегін айта кету керек. Ең бастысы ұжымның ауызбіршілігінен елде тілге деген патриоттық үні көрініп тұрады.     

Тобықтай сөздің түйіні, осы сот медицинасы саласындағы қызмет жасап жүрген әріптестеріміз сот-медицина саласындағы терминдерді қазақ тіліне аударуға ат салысып, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге тиіс.

Related posts