Т.Темірбаев,
Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы
Ел болған жерде бір бірімен байланыс болады, байланыс болған жерде келісім болады. Ал, келісімдер қай уақытта да заман талабы бойынша шарттасу арқылы жүреді. Біздің еліміз де әлемнің бернеше елімен халқаралық шарттар жасасып, тату тәтті байланыс жасап келеді. Халықаралық шарттардың негізі үшке бөлінеді. Біріншісі Қазақстан Республикасының екіншісі Қазақстан Республикасы Үкiметiнің, ал үшіншісі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының атынан Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өз құзыреті шегінде шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен жасасылатын шарттар.
Шарт жасасу негізінен мерзіммен бекітіледі. Белгілі талаптар бойынша бұзылады, ұзарады, тоқтайды, уақытша тоқтайды. Мұның барлығында белгіленген талаптармен шарттар бар. Мысалы халықаралық шарттар жасасуды жоспарлауда оның маңызы, міндеті және мерзімдері көрсетіледі. Соның ішінде мерзіміне қатысты былай дейді Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу жоспарлары бір жылға жасалатын ағымдағы және үш жылға жасалатын перспективалық болып бөлінеді. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды деп көрсеткен. Сонымен қатар Халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы ұсыныстар туралы бабында былай дейді:
1) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының атынан халықаралық шарттарға қол қою, оларды бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы, оның ішінде оларға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей, қол қою туралы ұсыныстар; 2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне – Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан халықаралық шарттарға қол қою, оларды бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы, оның ішінде оларға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей, қол қою туралы, сондай-ақ халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсыныстар береді.
Көпжақты халықаралық шарттарға ескертпелер уақытында келісім мерзімдері бұзылатынын да ескеруіміз керек. Заңда Көпжақты халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекiту, қабылдау немесе оларға қосылу кезiнде халықаралық шарттардың талаптарына және халықаралық құқық нормаларына сәйкес оларға ескертпелер жасалуы мүмкiн. Егер көпжақты халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, олар қалай жасалған болса, тап сондай тәртіппен ескертпелер кез келген уақытта алып тасталуы мүмкін деп көрсетілген.
Халықаралық шарттардың осындай өз талаптары мен шарттары бар. Олар қатаң сақталады, орындалады, талап етіледі. Соның ішіндле осы мерзім мәселесі де өте қырағылықпен бақыланады. Бұл елдің болашағының кепілі, сенім мен адалдықтың тірегі.