Басшылармен кездесуде ұсыныс-пікірлер айтылды

Облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 18-21 маусым күндері аралығында Жалағаш, Қармақшы, Қазалы, Арал, Шиелі, Жаңақорған, Сырдария аудандарында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен жергілікті атқарушы орган басшыларының кездесуі өткізілді.Кездесу барысында аудандық қоғамдық даму бөлімдерінің бөлім басшылары, бас мамандары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылары және аудандық жастар ресурстық орталығының басшысшылары аудан көлемінде бірінші жартыжылдықта атқарылған жобалар, жұмыс барысында атқарылып жатқан функциялары, жоспарлары мен бюджеттік бағдарламалары, мемлекеттік қызметтер, 2024 жылдың жобалары, 2025 жылдың жоспарлары туралы баяндап,…

Read More

Алға басқан азаматтық қоғам

Облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 18-21 маусым күндері аралығында Жалағаш, Қармақшы, Қазалы, Арал, Шиелі, Жаңақорған, Сырдария аудандарында «Алға басқан азаматтық қоғам» атты оқыту семинары өткізілді.Семинар барысында қазіргі таңда өте қажетті тақырыптар «ҮЕҰ-дың дерекқорына» тіркелу, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар порталымен» жұмыс жасау және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «Мемлекеттік гранттарына өтінімдер жазу, тапсыру», мемлекеттік сатып алу порталында ҮЕҰ-ды бағалау критерийлеріне қарай бағалау жолдары бағыттары бойынша ақпараттар берілді.Семинарды тренер «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның жобаларды басқару департаментінің…

Read More

Биліктің бір тармағы – сот

Мемлекетті мемлекет ететін заң десек, сол заңның мүлтіксіз орындалуын қадағалап, әділдік принциптерін жүзеге асыратын орган — сот жүйесі.Сот жүйесі- бұл мемлекеттік биліктің негізгі тармақтарының бірі болып табылады.Тәуелсіздік алғаннан соң еліміздің сот жүйесінде тың реформалар жүргізіліп, оның тиімділігін арттыруға бағытталған түбегейлі шаралар жүзеге асырыла бастады. Әсіресе, қоғам мен азаматтардың арасындағы құқықтық қарым-қатынастың реттілігін әлемдік талаптармен байланыстыру қажеттігі туындады.Сот жүйесін одан әрі дамыту дербес, тәуелсіз сот құру – жүргізіліп отырған сот реформасының басты мұраты. Судьяның құқықтық жағдайы  Қазақстан Республикасының Конституциясында мен «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңы және…

Read More

ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫС ӨТТІ

Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 20 маусым күні Құрбан айт мерекесіне орай Шиелі аудандық спорт клубындаұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Аудан тұрғындарының арасында өткен тартысты бәсекеге кент және ауылдық округтерден 10 команда қатысты.Жүлделі орын иеленген командалар мен сайысқа белсене қатысушылар диплом, алғыс хатпен марапатталып, қаржылай сыйлықтар берілді. Барлық спорт түрінен оқ бойы озып шыққан Бестам ауылынан «Досман қажы» мешіті командасы І орынды иеленіп, 100 000 мың теңгелік қаржылай сыйлықпен марапатталды. ІІ орынды иеленген Телікөл ауылы «Телікөл мешiтi» командасына 70 000 теңге, ІІІ орынды жеңіп алған…

Read More

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА АКЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 19 маусым күні Шиелі ауданының сауда орталықтарында, авто тұрақтарда, халық көп шоғырланатын орындарға, сыбайлас жемқорлық көріністері көп орын алатын жерлерде А5 форматтағы 100 дара ақпараттық стикерлер таратылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы деңгейді қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты тәрбиелеу және елдегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша тұрақты позицияны қалыптастыруға ықпал ету мақсатында жүргізілді. Акция барысында сыбайлас жемқорлық, құқықбұзушылыққа тап болған жағдайда қандай шаралар қолдану керектігі түсіндірілді.

Read More

Ляззат Майлыбайқызының қатысуымен өткен семинар

Ағымдағы жылдың 19 маусым күні Шиелі қоғамдық даму бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында аудандық Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, заңгер Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызының қатысуымен тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ» тақырыбында семинар өтті. Семинарға кент және ауылдық округтегі заңгер мамандар қатысты.Шара соңында жиынға келушілер тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, пікірлер айтылды.

Read More

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫС ӨТТІ

Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Аудан көлемінде діни экстремизмінің алдын алу бағытындағы шаралар» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 16 маусым барша мұсылман үшін ұлық саналатын Құрбан айт мерекесінің бірінші күнінде Жалағаш аудандық «Иманқұл» мешітінде ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Аудан спортшыларының арасында өткен тартысты бәсекеге кент және ауылдық округтерден 16 команда қатысты. Жүлделі орын иеленген спортшылар мен сайысқа белсенді қатысқандарға диплом, алғыс хаттармен марапатталып, қаржылай сыйлықтар тағайындалды. Барлық спорт түрінен оқ бойы озып шыққан Жалағаш кентіндегі Иманқұл мешiтi І орынды иеленіп, 100 000 мың теңгелік қаржылай сыйлықпен марапатталды. ІІ орынды…

Read More

Мансап орталығындағы сұқбат алаңы

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 12 маусым күні Мансап орталығы ғимаратында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызы және Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және талдау, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің заңгері Аблаева Аида Бекболатқызының қатысуымен «Жемқорлық-қоғам дерті» тақырыбында мекеме қызметкерлерімен және тұтынушыларымен сұқбат алаңы өткізілді. Ляззат Майлыбайқызы құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын…

Read More

«Жемқорлық — қоғам дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 11 маусым күні «Денсаулық үйі» ғимаратының мәжіліс залында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызы және Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және талдау, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің заңгері Аблаева Аида Бакболатқызының қатысуымен «Жемқорлық-қоғам дерті» тақырыбында облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты барлық ауруханалар мен емхана заігерлері және қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді. Ляззат Майлыбайқызы құқықтық сауаттылығын…

Read More

МЕШІТ ЖАМАҒАТТАРЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНДА БАҚ СЫНАДЫ

Қызылорда облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар орталығының базасында 1 маусым күні жергілікті мешіт жамағаттарымен «Дін және тарих» тақырыбында интеллектуалды сайыс өтті. Сайысқа қала мешіттерінен  15 команда қатысып,  150 жас бақ сынады. Интеллектуалды сайыстың мақсаты  —      жамағаттықтардың ауызбіршілігін, бірлігін арттыру,  танымдық қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейін көтеру болып табылады.  Сайыс барысы 5 кезең бойынша оның ішінде логикалық сұрақтар, ислам және ғылым тарихы, ұлттық мәдениеттің негізі- салт дәстүр, алаштықтар аңсаған күн, қазақстандағы жер атауларымен қамтылған, 100 сұрақтан құралды.  Сұрақ құрастырушылар аймақта беделді, әрі қоғамда орны…

Read More