Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Аудан көлемінде діни экстремизмінің алдын алу бағытындағы шаралар» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 16 маусым барша мұсылман үшін ұлық саналатын Құрбан айт мерекесінің бірінші күнінде Жалағаш аудандық «Иманқұл» мешітінде ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды.
Аудан спортшыларының арасында өткен тартысты бәсекеге кент және ауылдық округтерден 16 команда қатысты. Жүлделі орын иеленген спортшылар мен сайысқа белсенді қатысқандарға диплом, алғыс хаттармен марапатталып, қаржылай сыйлықтар тағайындалды.
Барлық спорт түрінен оқ бойы озып шыққан Жалағаш кентіндегі Иманқұл мешiтi І орынды иеленіп, 100 000 мың теңгелік қаржылай сыйлықпен марапатталды. ІІ орынды иеленген Мәдениет ауылындағы Дәулетназар мешiтi командасына 70 000 теңге, ІІІ орынды жеңіп алған Дәуімбай елдi мекенi Әр-Рахим мешiті командасына 50 000 мың теңге және қалған барлық командаларға 15 000 теңгеден ынталандыру сыйлықтары табысталды.


