Ағымдағы жылдың 19 маусым күні Шиелі қоғамдық даму бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында аудандық Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, заңгер Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызының қатысуымен тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға кент және ауылдық округтегі заңгер мамандар қатысты.
Шара соңында жиынға келушілер тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, пікірлер айтылды.

