Басшылармен кездесуде ұсыныс-пікірлер айтылды

Облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 18-21 маусым күндері аралығында Жалағаш, Қармақшы, Қазалы, Арал, Шиелі, Жаңақорған, Сырдария аудандарында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен жергілікті атқарушы орган басшыларының кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында аудандық қоғамдық даму бөлімдерінің бөлім басшылары, бас мамандары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылары және аудандық жастар ресурстық орталығының басшысшылары аудан көлемінде бірінші жартыжылдықта атқарылған жобалар, жұмыс барысында атқарылып жатқан функциялары, жоспарлары мен бюджеттік бағдарламалары, мемлекеттік қызметтер, 2024 жылдың жобалары, 2025 жылдың жоспарлары туралы баяндап, кеңінен ақпарат айтып өтті.
Кездесу соңында үкіметтік емес ұйымдар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер айтылды.

Related posts