⚜️Ағымдағы жылдың 28-29 қараша күндері Жаңақорған аудандық қоғамдық даму бөлімінің ««Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында РАТТ мүшесі Алдашбаев Сәкен Мінуарұлының қатысуымен Жаңақорған ауданында түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді. ⚜️Шаралар барысында Сәкен Мінуарұлы дін мен дәстүрдің сабақтастығы, ғаламтор зияны мен пайдасы, жат ағымның қауіптілігі, отбасы құндылықтары және зайырлылық қағидаттары жайлы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.бойынша ақпарттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ⚜️Шара соңында өзара пікір алмасулар болып, қойылған сауалдарға жауап берілді.
Read MoreМесяц: Ноябрь 2024
Апостильдеу және заңдастырудың ерекшеліктері
Апостиль қою рәсімінің мақсаты – Гаага конвенциясына қатысушы елдердің аумағында қолданылатын түп нұсқалығы мен құжаттарға апостиль қоюды тиісті түрде рәсімдеуді қамтамасыз ету болып табылады. Егер сіз құжатты дайындаған ел Гаага конвенциясына қатыспаса, оны консулдық заңдастыру қажет болады. Бұл айтарлықтай күрделі рәсім, ол құжатты ҚР Әділет министрлігінде, ҚР СІМ органдарында, бұдан кейін ҚР баратын елдің консулдылығында куәландыруды талап етеді. Бұл жерде құжат консулдық белгілісі бар елдің аумағында ғана заңды күшіне ие болады. Сондай-ақ заңдастыру рәсімі құжат типіне негізделуі мүмкін, себебі консулдық заңдастыруға да, сондай-ақ апостильдеуге де жатпайтын құжаттар бар. Бұл негізінен коммерциялық құжаттарға…
Read MoreМемлекеттік тіл менің тілім
Қазақ тілі-мемлекеттік тіл.Оған дау жоқ.Дегенмен көп тіл білгеннен ұтпасақ ұтылмаймыз. Қазақты қазақ ететін- тілі. Ұлтты ұлт етіп сақтайтын-тілі.»Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы. Өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адамды толық инттеллигент деуге болмас.Сол себепті еліміз дамып, мемлекеттік өркендесін десек, әуелі қазақ тілінің мәртебесін көтеруде белсенділік танытуымыз керек.Егер адам өзге тілді білетін болса, ол рухани бай адам. Өткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы танымы кеңейеді. Қазіргі жастар баласының тілі шыққаннан басқа тілді…
Read MoreЖемқорлықсыз қоғам
⚜️Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 27 қараша күні «Достық үйі» ғимаратының мәжіліс залында «Жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында кездесу өткізілді.⚜️ Кездесудің негізгі мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықбұзушылық, қылмыстылық, және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы мен оның талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.⚜️Кездесуде ҚР-ның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің, Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанындағы, мемлекеттік қайраткерлер мен құрметті мемлекеттік қызметкерлер арасынан құрылған…
Read MoreКассациялық соттардың құрылуы мен олардың қызметі туралы
Үстіміздегі жылдың 5 шілдесінде «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізілген болатын. Аталған өзгерістердегі басты жаңалық келер жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде дербес кассациялық соттардың құрылуы болды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кассациясот жүйесініңдегі үш сатының бірі ретінде Жоғарғы Соттың құрамында өз функциясын атқарып келеді. Алайда аталған сатыда барлық істерді қайта қарауға мүмкіндік болмады. Себебі кассациялық сот алқасы өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдарын қарайтын. Соның салдарынан қылмыстық және…
Read MoreАУҒАННАН АМАН КЕЛГЕН АРДАҚТЫ АРДАГЕРЛЕР
Облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» әлеуметтік жобасы аясында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ауғаннан аман келген ардақты ардагер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Шараға Ауған соғысының ардагерлері мен колледж студенттері қатысты.Дөңгелек үстелдің алғы сөзін Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің басшысы Бихожаев Ернұр Бауыржанұлы алып, Кеңес үкіметінің тұстарында еліміздің ағалары Ауған жерінде болған ұрыс оқиғаларына қатысып, Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарып, олардың өшпес ерліктері жастардың жадында мәңгі сақталатынын жеткізді.Дөңгелек үстелге, облыстық «Ерлік» үйлестіру қоғамдық бірлестігінің төрағасы…
Read MoreИсмайл Ибрагимұлымен бірқатар кездесу өтті
Ағымдағы жылдың 20-22 қараша күндері аралығында Қызылорда облыстық дін істері басқармасының «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме топ мүшелерін немесе теолог, дінтанушы және басқа да діни салаға қажетті мамандарды шақыру, іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасы аясында РАТТ мүшесі Абулхайров Исмайл Ибрагимұлының қатысуымен Қызылорда қаласы және Шиелі, Жаңақорған аудандарында түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді. ⚜️Шаралар барысында Исмайл Ибрагимұлы жастарды деструктивті діни ағымдардан сақтандырудың маңызы, жастардың санасына жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, деструктивті діни идеяға қарсы иммунитетті қалыптастыру жолдары, діни ағымдардың қоғам психологиясына әсері, дін мен дәстүрдің сабақтастығы тақырыптары бойынша ақпарттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Read MoreҚайта қараудың құзыры қандай?
2025 жылдың ортасынан бастап қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша Астана қаласында құрылып, апелляциялық сот алқасының қабылдаған актісі негізінде істерді қайта қарайтын Кассациялық сот жайлы көп талқыланып жатыр. Бұл әділдік пен ақиқатқа жетудің нағыз даңғылы болмақ. Негізі қаңтардың алғашқы аптасынан бастап құрылатын бұл сот жүйесі көп ерекшелеіктерімен ескерілмек.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кассациялық сотты жасақтау жөніндегі тапсырмасынан соң жүзеге асқан тәуелсіз кассациялық сотты құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді. Яғни, менің сөзім тыңдаусыз қалды, біржақты тартып кетті деп күйінбейсің. Бұрынғы тілмен айтқанда бір би…
Read MoreӘйел бейнесі – қоғам бейнесі
Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «Алтын Орда» ҚҚҚ ұйымдастыруымен 2024 жылдың 30 қазан күні, сағат 11:00-де «Әйел. Қоғам. Саясат» жобасы аясында «Әйел бейнесі – қоғам бейнесі» тақырыбында әйелдер форумы өтеді. Форумға спикер ретінде «Перзент» балалар үйінің басшысы Әмина Қажы Әжібаева, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Қоғам қайраткері, «Игілік» журналының бас редакторы Меруерт Айтенова, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы, №23 мектеп лицейдің директоры Тойлыбаева Жанар Жорақызы қатысады. Форумның мақсаты — отбасындағы және қоғамдағы әйел рөлінің маңызын дәріптеу, кешегі қазақ әйелінің даналығы арқылы қазіргі заман әйелінің бейнесін ашып, болашақ қазақ әйелінің болмысын қалыптастыруға серпін беру. Форум жаңа бастамаларды, әйелдердің қоғам өміріндегі рөлін арттыруға, олардың…
Read MoreСұқбат алаңы өткізілді
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 11 қараша күні №3 және №5 қалалық емханаларында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық — қоғам дамуының кедергісі» тақырыбында сұқбат алаңы өткізілді. ⚜️Ляззат Майлыбайқызы құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықбұзушылық, қылмыстылық, және тағы да басқа бірқатар мәселелер туралы және…
Read More