⚜️Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 27 қараша күні «Достық үйі» ғимаратының мәжіліс залында «Жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында кездесу өткізілді.
⚜️ Кездесудің негізгі мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықбұзушылық, қылмыстылық, және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы мен оның талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.
⚜️Кездесуде ҚР-ның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің, Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанындағы, мемлекеттік қайраткерлер мен құрметті мемлекеттік қызметкерлер арасынан құрылған спикерлер пулының мүшесі Айтбенбетов Болатбек Серікбайұлы мен Құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі Муйденова Алия Калжановна баяндама жасап, пікір алмасу, сұрақ-жауаппен жалғасты.
Жемқорлықсыз қоғам
