Облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» әлеуметтік жобасы аясында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ауғаннан аман келген ардақты ардагер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараға Ауған соғысының ардагерлері мен колледж студенттері қатысты.
Дөңгелек үстелдің алғы сөзін Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің басшысы Бихожаев Ернұр Бауыржанұлы алып, Кеңес үкіметінің тұстарында еліміздің ағалары Ауған жерінде болған ұрыс оқиғаларына қатысып, Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарып, олардың өшпес ерліктері жастардың жадында мәңгі сақталатынын жеткізді.
Дөңгелек үстелге, облыстық «Ерлік» үйлестіру қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Орынбайұлы және Қызылорда облысының «Ауғанстандағы соғыстың мүгедектері мен ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ақтаев Алмат Пернебайұлы қатысып, «Бізге оңай болған жоқ, дегенмен Отан алдындағы әскери борышымызды қорғау біз үшін үлкен міндет және құрмет деп білеміз» — деп, жастарды елжанды болуға, Отанын сүйіп, құрметтеуге шақырды.
Шара соңында студенттер тақырыпқа сай өздерінің сұрақтарын қойып, ардагерлермен естелік суретке түсті.
Бүгінгі таңда Ауған соғысының аяқталғанына 35 жыл толып отыр. Отан алдындағы борышын ерлікпен атқарып, абыроймен оралған алдагерлерімізге амандық тілейміз. Жастарымызды елжандылыққа тәрбиелеп, ұлттық рухтарын көтеріп, ортамызда ұзақ жасай беріңіздер демекпіз.
