Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 11 қараша күні №3 және №5 қалалық емханаларында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық — қоғам дамуының кедергісі» тақырыбында сұқбат алаңы өткізілді.
⚜️Ляззат Майлыбайқызы құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықбұзушылық, қылмыстылық, және тағы да басқа бірқатар мәселелер туралы және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы мен заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы туралы баяндама жасады. «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіру, оның пайда болу жағдайлары, қоғам дамуына тигізетін кері әсерлері және олардың жолдарын кесу, біздің қоғамымызды қалыптастырып дамытатын жас жеткіншектеріміздің санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алатын мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндірді.
⚜️Шара соңында қатысушылардың тақырып төңірегінде қойылған сауалдарына жауап беріліп, пікір алмасты.