Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 14 қараша күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық — қоғам дамуының кедергісі» тақырыбында сұқбат алаңы өткізілді. ⚜️Ляззат Майлыбайқызы құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықбұзушылық, қылмыстылық, және тағы да…
Read MoreМесяц: Ноябрь 2024
Адал еңбек — абыройлы қызметкер — беделді билік
Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 19 қараша күні Сол жағалау, қалалық Мұражай ғимаратының мәжіліс залында «Адал еңбек — абыройлы қызметкер — беделді билік» тақырыбында аудандық мемлекеттік қызметкерлермен және заңгерлермен кездесу өткізілді.⚜️ Кездесуде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментің Превенция басқармасының бас маманы Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызы модераторлық жасады.⚜️Шара барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат…
Read MoreТарих. Тұлға. Тағылым
Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 22 қараша күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің №1 оқу ғимараты, Мұстафа Шоқай ғылыми орталығында көрнекті қайраткерлер Ілияс Қабылов, Иса Тоқтыбаев және Әбу Құдабаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне арналған «Тарих. Тұлға. Тағылым» атты облыстық ғылыми-танымдық конференциясы өткізілді.⚜️Конференцияға зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің тарихшылары мен оқытушылары, студенттер, орта білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері қатысты.⚜️Тарих ғылымындағы тұлғатанудың өзекті…
Read MoreСақтандыру оқиғаларын реттеудің жеңілдетілген тәртібі
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мардымсыз жол-көлік оқиғалары (ЖКО) болған жағдайда, азаматтар полицияны шақырмай және соттың шешімінсіз жеңілдетілген тәртіппен сақтандыру оқиғасын рәсімдей алады. Еурохаттама, егер: — ЖКО-ға екі көлік құралы ғана қатысса; — ЖКО-ға қатысушыларда қолданыстағы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру болса; — ЖКО нәтижесінде ЖКО қатысушылардың көлік құралдарына ғана шығын келтірілсе (өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген зардап шегушілер болмаса, үшінші тұлғалардың мүлкі бүлінбесе); — ЖКО-ға қатысушыларда бір тараптың кінәлі, екіншісінің зардап шегуші болуына қатысты келіспеушілік болмаса; келтірілген шығынның шекті сомасы 100 АЕК-ке дейін – 2024 жылғы 1…
Read MoreСыбайлас жемқорлық — қоғам дамуының кедергісі
Облыстық қоғамдық даму басқармасының Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 20 қараша күні Сол жағалау, жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ-ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ КЕДЕРГІСІ» тақырыбындағы сурет сайысының қорытынды танымдық іс-шарасы өткізілді.Шараға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Болат Айнұр, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызы, С. Айтбаев атындағы көркемсурет галлереясының суретшісі Назаров Батырбек Жеңісбекұлы және ұстаздар мен марапатталушы оқушылары…
Read MoreАлға басқан азаматтық қоғам
Бүгін облыстық жастар ресурстық орталығында «Алға басқан азаматтық қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстел аясында, Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығының ұйымдастырумен Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Шаменов Бауыржан Серікұлының ҮЕҰ өкілдерімен өткен кездесуіндегі айтылған ұсыныстардың нәтижесі бойынша «Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңнаманы іске асыру» тақырыбында оқыту-семинары өтті.Шараға облыстық мемелкеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Ілкібаев Ғалымжан Маратұлы мен «Тауарларды мемлекеттік сатып алу» бөлімінің басшысы Аймаханов Нұрлан Ермұратұлы қатысып, мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңнаманы іске асыру мәселелері бойынша жаңа қағидалар мен бұйрықтарды түсіндіріп, мемлекеттік сатып алуды жоспарлау,…
Read More«ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ ИДЕЯҒА ҚАРСЫ ИММУНИТЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Аудан көлемінде діни экстремизмінің алдын алу бағытындағы шаралар» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж 20 қараша күні Жалағаш ауданы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Абулхайров Исмайл Ибрагимұлының қатысуымен ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытында «Деструктивті діни идеяға қарсы иммунитетті қалыптастыру жолдары» тақырыбында аудан тұрғындарымен ауқымды кездесу өткізілді.Кездесуде Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Еспенбет Жасұлан Ерданұлы модераторлық жасады.Еспенбет модераторлық жасады.«Егемен ел болып қалыптасуымыз, мемлекетіміздің өсіп, өркендеуінде діннің алатын орны зор. Біздің рухани құндылықтарымыз – ата дініміз бен ата дәстүріміздің терең тамырлы байланысының тағылымды туындысы. Сондықтан дін мен дәстүр бірлігі –…
Read MoreМемлекеттік тіл — менің тілім
Ана тілім ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек, әр адам өз ана тілін құрметтеп, көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Мемлекеттік тілді меңгеру-Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Бүгінде де кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі рас. Біздің мақсатымыз дүние жүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын ана тіліміздің бар екенін ұмытпау болып табылады. Әр тілді меңгеру, әр тілде сөйлеу әркімнің арманы. Жеті түрлі ілім біл, жеті елдің тілін біл деген қазақта мақал бекер айтылмаған. Біздің…
Read MoreГендерлік саясат
Гендерлік саясат туралы қоғамда сан түрлі пікірлер бар. Бірі жақтаса, бірі даттап жатады.Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген əйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi.Бүгінгі өмірлік жағдайда гендерлік мәселеге қоғам тарапынан көптеп назар аударылуда. Біздің халқымыз ер-азаматты шаңырақ иесі десе, әйел –ананы отбасының алтын қазығы деп бағалаған. Бұрын «әйел теңдігі» ұғымы мәселе болса, бүгінгі күні ол «гендерлік теңдік» деген үлкен саяси ғылымға жалғасып, осы гендерлік теңдік аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң қабылданды.Гендерлік саясаттың маңызы — қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік, əйелдерге қатысты барлық түрлі…
Read MoreАпостильдеу тәртібі
Соттар жыл сайын әртүрлі даулар мен мәселелерге байланысты түрлі шешім қабылдайды. Олардың кейбіреулері біздің елден тыс, яғни шет жерлерде де талап етілуі мүмкін. Қандай да сот актісі ресми құжат мәртебесіне ие болу үшін, яғни ол шет мемлекеттерге жолданар алдында міндетті түрде заңдастырылады, апостиль қойылады. Апостиль – заңдастырудың осындай нысанын танитын елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы ақпаратты толтырудың халықаралық стандартталған нысаны. «Апостиль» мөрі құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелеріне қойылады. Апостильденген құжат аттестациялауды немесе заңдастыруды талап етпейді және оны Конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттің ресми органдары мойындайды. Апостильденген құжат шет мемлекеттерге жолданатын…
Read More