Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 22 қараша күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің №1 оқу ғимараты, Мұстафа Шоқай ғылыми орталығында көрнекті қайраткерлер Ілияс Қабылов, Иса Тоқтыбаев және Әбу Құдабаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне арналған «Тарих. Тұлға. Тағылым» атты облыстық ғылыми-танымдық конференциясы өткізілді.
⚜️Конференцияға зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің тарихшылары мен оқытушылары, студенттер, орта білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері қатысты.
⚜️Тарих ғылымындағы тұлғатанудың өзекті мәселелерін талқылау, аталған көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінің өмірі мен қызметі, ұлтқа сіңірген еңбегі арқылы республиканың өскелең ұрпағын отансүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеуді мақсат еткен жиынды ашқан Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Каюпов Руслан Мұхамедәліұлы қайраткерлердің елдің мақсат-мүддесі жолындағы еңбектері мен өмір жолына тоқталды. Сонымен қатар, ұлт қайраткерлерінің еңбегіне назар аудару — бүгінгі ұрпақ үшін аса маңызды екенін жеткізді.
⚜️Танымдық конференцияда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, гуманитарлық-педагогикалық институтының директоры, т.ғ.к., доценті Тайман Сағат Тамшыбайұлы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің докторанты, магистр Әзірбекова Аманкүл Жорабекқызы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің, «Тарих және археология» БББ жетекшісі
Уткелбаев Қыдырбай Захманұлы және т.б. бірқатар ғалымдар баяндама жасап, тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметіне шолу жасады.
⚜️Жиын соңында, баяндамашылар өзекті ұсыныстар жолдап, қатысушылардың маңызды сауалдарына жауап берді.
Тарих. Тұлға. Тағылым
