Мемлекеттік тіл — менің тілім

Ана тілім ата-бабамыздан  мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек, әр адам өз ана тілін құрметтеп, көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. 

Мемлекеттік тілді меңгеру-Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. 

Бүгінде де кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі рас. Біздің мақсатымыз дүние жүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын ана тіліміздің бар екенін ұмытпау болып табылады. 

Әр тілді меңгеру, әр тілде сөйлеу әркімнің арманы. Жеті түрлі ілім біл, жеті елдің тілін біл деген қазақта мақал бекер айтылмаған. Біздің міндетіміз тілімізді сақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу, басқа тілге  құрметпен қарау.

Тілге деген құрмет-халыққа деген құрмет.Тілсіз халықтың,елдің өмір сүруі мүмкін емес.Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын жарқыратуымыз керек.

Тіл- қастерлі де,қасиетті ұғым.Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп,қалыптасады.Ана тілін сүйген адам – туған жерін , елін, Отанын,атамекенін сүйеді деген сөз.Өмірдің алмастай қырын ,абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер-ана тілі.

Мемлекеттік тіл- әрбір елдің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және  іс қағаздарын жүргізу тілі. 

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру- Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

      «Ұлттың сақталуына да», жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы- тіл. Тілдің мәселесі-ұлттың мәселесі. Тілді өркендету-баршаның ісі. Тіл-қарым-қатынас құралы емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың құралы және ұлтымыздың биік тұғыры. 

      Бұл ретте біздің мемлекетіміздің  тілге деген жанашырлығы басым. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тілі мәртебесіне көтергенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз деген болатын. 

      «Өзге тілдің  бәрін біл, өз тіліңді кұрметте»  деп бекер айтылмаса керек. Ендеше асыл мұрамыздың біріне айналған  мемлекеттік тілімізді қастерлей білейік.  

         Жаңақорған аудандық сотының

         бас маман-сот отырысының хатшысы

       Б.Қалдыбаев

Related posts