«ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ ИДЕЯҒА ҚАРСЫ ИММУНИТЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Аудан көлемінде діни экстремизмінің алдын алу бағытындағы шаралар» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж 20 қараша күні Жалағаш ауданы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Абулхайров Исмайл Ибрагимұлының қатысуымен ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытында «Деструктивті діни идеяға қарсы иммунитетті қалыптастыру жолдары» тақырыбында аудан тұрғындарымен ауқымды кездесу өткізілді.
Кездесуде Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Еспенбет Жасұлан Ерданұлы модераторлық жасады.
Еспенбет модераторлық жасады.
«Егемен ел болып қалыптасуымыз, мемлекетіміздің өсіп, өркендеуінде діннің алатын орны зор. Біздің рухани құндылықтарымыз – ата дініміз бен ата дәстүріміздің терең тамырлы байланысының тағылымды туындысы. Сондықтан дін мен дәстүр бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі.
Елдің рухани тұтастығын сақтауға ықпал ететін басты құндылықтардың бірі болып табылатын ата дініміз салт-дәстүрімізбен берік ұштасып, елдің берекесін келтіруде» деді бөлім басшысы Жасұлан Ерданұлы.
Жиын барысында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Исмайл Абулхайров бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі – деструктивті идеологиялардың таралуы екенін атап өтті. «Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар. Олардың ортақ сипаты – діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуы. Мұндай ұйымдар тұлғаның рухани, психикалық және физикалык жағдайына қауіпті. Көбіне олар мемлекеттік стандарттар мен нормаларға, дәстүрлі дінге қарсы, мойындамайды» деген Исмайл Абулхайров қоғам үшін қауіпті құбылыс екенін жеткізді.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, жан-жақты жауап берілді.

Related posts